Технологиялық жабдықтар және машина жасау кафедрасы

Инженер-механиктерді даярлау 1964 жылдан бастап жүргізілуде. Алғашқы түлектерді шығару 1968 жылы жүзеге асырылды. Бастапқыда, 1964 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Семей филиалында "Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары"кафедрасы құрылды. Инженер-механик мамандарды шығару осы кафедра бойынша жүзеге асырылды. 2019 жылы қазіргі "Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасы атауын "Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары" және "Машина жасау технологиясы және механика" кафедраларын біріктіру есебінен алды.

Білім

Кафедра білім беру бағдарламасы бойынша: бакалавриат: 6В07105 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар", 6В07106 – "Машина жасау"; 6В11301 - "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру"; 6В11303 - "Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру"; магистратура: 7М07103 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар", 7М07104 – "Машина жасау"; PhD – докторантура: 6D07103 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандарды дайындайды.

Толығырақ

Ғылым

Халықаралық жобаларға қатысу, біліктілікті арттыру, Scopus немесе Web of Science базасына кіретін импакт-факторлы журналдарға жариялау, кафедра қызметкерлерінің өнертапқыштық қызметі

Толығырақ

Тәрбие

"Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасында тәрбие жұмысы кураторлық топтардың бекітілген тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

6B07105 - Технологиялық машиналар және жабдықтар

B064 Механика және металл өңдеу білім беру бағдарламаларының тобы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.

Каталог элективных дисциплин
Образовательная программа
План развития ОП
Рабочий учебный план

Кіріспе

6В07105 Технологиялық машиналар мен жабдықтарбілім беру бағдарламасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Инженерлік-технологиялық факультетінің «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасымен әзірленген. Қазіргі уақытта «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасында «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың үш деңгейі: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. Ғылыми-педагогикалық әлеуетті және материалдық-техникалық базаны есепке ала отырып, «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасы республиканың тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салалары үшін мамандарды даярлау бойынша базалық кафедралардың бірі болып табылады. Білім беру бағдарламасы бітірушінің мақсатын, кәсіптік қызмет түрлерін, объектілерін, пәндері мен түрлерін қамтитын біліктілік сипаттамасын, біліктілік және лауазымдар тізбесін, оқу нәтижелерін және бітірушінің құзыретін көрсете отырып, ББ мазмұнын, модульдер бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін қамтиды.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 201 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
6B07 - Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
6B071 - Инженерия және инженерлік іс
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0710
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
B064 - Механика және металл өңдеу
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
6B07105 - Технологиялық машиналар және жабдықтар

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
6В07105 Технологиялық машиналар мен жабдықтар білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
конструктор;
технолог;
технологиялық машиналар мен жабдықтардың механигі.
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
6
Кәсіби қызмет саласы
- тамақ өнеркәсібі ұйымдары, кәсіпорындары;
- мемлекеттік басқару органдары;
- жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- әртүрлі меншік нысанындағы фирмалар
Кәсіби қызмет нысаны
технологиялық машиналар мен жабдықтар;
машина жетектерінің жүйесі;
конструкциялық және пайдалану материалдары;
технологиялық машиналарды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жабдық;
машиналардың жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтар;
машиналарды жобалау үшін жабдық
Кәсіби қызмет түрлері
Өндірістік-технологиялық қызмет:
жұмыс орындарын ұйымдастыру, оларды техникалық жабдықтау, технологиялық жабдықтарды орналастыру және технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету.
Сервистік-пайдалану қызметі:
технологиялық машиналар мен жабдықтарды баптау және қызмет көрсету;
технологиялық машиналар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қалдық ресурсын тексеру, профилактикалық тексеру және жоспарлы-алдын ала жөндеу жүйесін ұйымдастыру.
Ұйымдастыру-басқару қызметі:
техникалық құжаттаманы (жұмыс кестелерін, нұсқаулықтарды, жоспарларды, сметаларды, материалдарға, жабдықтарға және т. б. өтінімдер), сондай-ақ бекітілген нысандар бойынша белгіленген есептілікті жасау;
орындаушылардың шағын ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру.
Монтаждау-реттеу қызметі:
технологиялық машиналар мен жабдықтарды баптау, икемдеу, реттеу және тәжірибелі тексеру;
технологиялық машиналар мен жабдықтарды монтаждау, баптау, сынау және пайдалану.
Есептік-жобалау қызметі:
жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын пайдалана отырып, техникалық тапсырмаға сәйкес бөлшектер мен тораптарды есептеу және жобалау;
жобалау және жұмыс құжаттамасын әзірлеу, аяқталған жобалау-конструкторлық жұмыстарды ресімдеу.
Эксперименттік-зерттеу қызметі:
зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу;
орындалған тапсырма бойынша есеп жасау, зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізуге қатысу.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

2 модуль. Технологиялық процестерді игеруге арналған жаратылыстану пәндері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

3 модуль. Конструкторлық құжаттаманы әзірленуі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

4 модуль. Механикалық жүйелерді жобалау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

5 модуль. Гидравликалық жүйелерді, сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін есептеу

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

6 модуль. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

7 модуль. Кәсіпорындардың технологиялық жабдықтары

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

8 модуль. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың цехтары мен учаскелерінің жобаларын әзірленуі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Дипломдық жобаны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханды дайындау және тапсыру.