Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Жаратылыстану-математика факультеті дене шынықтыру және спорт кафедрасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ 6В01401 "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды және 7M01401 - Дене шынықтыру және спорт бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындайды. Жалпы орта білім базасында күндізгі оқу нысаны бойынша, орта – арнайы және жоғары білім базасында қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша жүргізіледі .Күндізгі оқыту нысаны бойынша дайындық мерзімі 4 жылды, қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша-3 және 2 жылды құрайды 1969 жылдан бастап "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша оқу курсы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында, 1995 жылы "Семей" мемлекеттік университетінде, 1996 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде, 2004 жылдан Семей мемлекеттік педагогикалық институтында, 2013 жылдан бастап Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде, қазіргі уақытта 6В01401"дене шынықтыру және спорт"білім беру бағдарламасы бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы КЕАҚ университетінде өткізілді. Мамандардың алғашқы шығарылымы 1973 жылы өтті. Факультет құрылғаннан бері дене шынықтыру және спорт саласында бірнеше мың маман даярланды. Институт түлектері-белгілі спортшылар, оқу-ағарту ісінің үздігі, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, ғалымдар, басшы қызметкерлер. Бүгінгі таңда кафедрада спорт секцияларына үнемі қатысатын және әртүрлі спорт түрлері бойынша институт спартакиадасын ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын 204 (күндізгі) студент оқиды, оның барысында жоғары оқу орнының құрама командаларын жасақтау және одан әрі жарыстарға (қала, облыс, республика біріншілігі, студенттік универсиада, халықаралық жарыстар) қатысу үшін үздік спортшыларды іріктеу жүріп жатыр.

Білім

Жаратылыстану-математика факультеті дене шынықтыру және спорт кафедрасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ 6В01401 "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды және 7M01401 - Дене шынықтыру және спорт бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындайды. Жалпы орта білім базасында күндізгі оқу нысаны бойынша, орта – арнайы және жоғары білім базасында қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша жүргізіледі .Күндізгі оқыту нысаны бойынша дайындық мерзімі 4 жылды, қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша-3 және 2 жылды құрайды. .

Толығырақ

Ғылым

Ғылыми-әдістемелік жұмыс кафедрада студенттік ғылыми конференция шеңберінде оқу үдерісі барысында жүзеге асырылады. Оқытушылар мен студенттердің ҒЗЖ нәтижелері конференцияларда, конкурстарда ұсынылады. ҒЗЖ нәтижелері бойынша жыл сайын студенттік конференцияға баяндамалар жасалды. Кафедраның барлық мүшелері жоспарларды жүйелі түрде орындайды және жыл сайын қалалық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысады. Кафедра жұмысының негізгі ғылыми бағыттары университет мамандарын даярлау бейініне сәйкес келеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мақалалар жазу, эксперименттер жүргізу, теориялық зерттеулер жүргізу түрінде болуы мүмкін және әдетте кафедра ұсынатын бағыттар бойынша жасалады. Дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері зерттеу жұмыстарын өз бетінше (педагогтардың жетекшілігімен), сондай-ақ оқу сабақтары процесінде жүзеге асырады.

Толығырақ

Тәрбие

Оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес топтағы атқарылатын жұмыстар мен міндеттерін анықтап топ студенттеріне жеткізілдіОқытушылар тәрбие және кәсіптік бағдар беру мақсатында өздеріне бекітілген мектептерге жетекшілік етеді, бітіруші сыныптарды тарта отырып, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының адамгершілік және эстетикалық тәрбиелері өте жақсы жолға қойылған. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, силастық және әсемдікке жақын болу бұл спортпен қоса спортшының бойына құйылатын қасиеттер. Халқымыздың ұлттылығын ұлықтауға бағытталған, топ студенттерін Отан сүйгіштікке, ұлттар аралық достық пен түсінушілікке арналған шаралар ұйымдастырылып отырды.

Толығырақ

Миссиясы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы университеттің бөлімшесі бола отырып, өз қызметінде университеттің жарғысы мен жұмыс регламентін, сондай-ақ оның сапа саласындағы саясатын басшылыққа алады. Дене шынықтырумен айналысу білім беру және сауықтыру міндеттерін шешуді көздейді: -дене шынықтыру мен спортты өмірлік маңызды физикалық қасиеттерді дамыту мен жетілдіруде пайдалану, денсаулықты көп жылдық сақтау және оңтайлы кәсіби жұмысқа қабілеттілікті қолдау туралы негізгі ғылыми негізделген білім беру, дене шынықтыруға мотивациялық - құндылық қатынасын қалыптастыру және дене шынықтыру жаттығулары мен спортпен жүйелі айналысу қажеттілігі; - дене шынықтыру-спорт қызметінің әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту; - дене шынықтыру құралдары мен әдістерін қолдана отырып, психикалық жағдайды басқаруды үйрету; - организмнің физикалық резервтерін ғылыми негізделген сараланған басқаруды қамтамасыз ету

Сапа саласындағы мақсаттар

1.Профессорлық-оқытушылар құрамынының біліктілік деңгейін 50% дейін

көтеру.

2.Дене шыңықтыру және спорт мамандығы бойынша аккредиттеуден және     аттестациядан  сәтті өту.

3.ДШжәнеС мамандығы  түлектерін магистратураға түсуге дайындау.

4.Болашақ мамандарды мектептегі «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының жаңартылған мазмұнына сәйкес кәсіби қызметтеріне дайындау.

5.Кафедраның тақырыбына сәйкес  ғылыми-ізденіс жұмыстарына  кафедра     оқытушыларының 100%   қатысуын қамтамасыз ету.

6.Мамандық студенттерін ғылыми-ізденіс жұмыстарына тарту деңгейін 30% жеткізу.

7.Мемлекеттік грант негізінде білім алған түлектерді 85%  жұмыспен қамту және жұмыс  берушілердің сұраныстарын толық қамтамасыз ету.

8.Бұқаралық-спорттық іс-шараларға студенттердің қатысу санын  100 %  дейін көбейту.

9. Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша кәсіптік бағыт-бағдар беру

  жұмыстарын жандандыру