Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы кафедрасы

"Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" оқу кафедрасы 2022 жылы "Автоматика және ақпараттық технологиялар" мен "Геодезия және құрылыс" кафедраларын біріктіру арқылы құрылды және Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің құрамдық бірлігі болып табылады. Кафедра бағыттары бойынша дайындығы бар түлектер басқару жүйесі, технологиялық жүйелерді автоматтандыру және басқару, ақпараттық технологиялар, геодезия және құрылыс салаларында өз білімдерін қолдануға бірегей мүмкіндік алады. Кафедра студенттерге жоғары сапалы кәсіби білім алуға және автоматтандыру, ақпараттық технологиялар, қалақұрылысы саласында маман болуға мүмкіндік беретін жақсы материалдық-техникалық базаға және білікті ұстаздық құрамға ие.

Білім

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу процесін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, оған ұсынымдарды енгізуге, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған. Дуалды оқыту элементтері енгізіліп, студенттер практикалық және зертханалық сабақтарды өндіріс базаларында өтуге келісімшарттар жасалынды.

Толығырақ

Ғылым

Ғылыми бағыттары: * Заманауи технологиялар негізінде өндірісті автоматтандыру. * Айқын емес ортада шешім қабылдаудың модельдері мен әдістерін әзірлеу * Технологиялық процестерді басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. * Оқу процесіне ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу. * Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу.

Толығырақ

Тәрбие

Кафедра студенттері Қазақстан студенттер альянсында, студенттік дебат клубында, республика, облыс, қала деңгейінде көңілді тапқырлар (КВН) клубында өз қатарларын толықтырады. Студенттер "Жыл көшбасшысы", "Жылдың үздік студенті", "Жылдың үздік дебатері", "Жыл белсендісі" номинациялары бойынша жыл сайынғы байқауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Кафедра студенттері университет өткізетін жарыстар мен басқада конкурстарына белсенді қатысады. Жыл сайын "KAZENERGY" компаниясы шәкіртақысының иегері атанып, салалық бағдарлама бойынша оқу гранттарын ұтып алады. Сонымен қатар түрлі форумдар мен семинарлардың ұйымдастырушылары болып табылады.

Толығырақ

Миссиясы

Оқу процесін ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы елдің технологиялық процестер мен өндірістерді, ақпараттық технологияларды автоматтандыру саласындағы білікті кадрларға өндірістік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары білікті мамандар даярлау. Кафедра жұмысы терең теориялық және практикалық дайындығы бар, мамандықтың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі, дағдылары мен машықтары бар мамандарды даярлауға бағытталған.

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. 2023-24 оқу жылының 1 курсна кемінде 200 білім алушыны қабылдауды қамтамасыз ету.
  2. Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша профессорлық-оқытушылық құрамы РОӘК-інде – 1 оқу құралы немесе кітап шығару.
  3. Web of Scinece және Scopus индекстелген журналдарында 3 ғылыми мақала жариялау.
  4. Кафедраның 2 оқытушысына ҚР және РФ жектекші университеттерінде біліктілікті арттыру.
  5. Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларында білім алушылар санын көбейту - 5.
  6. Қаржыландырылған ҒЗЖ қатыстыру – 2 жобаны ұсыну.
  7. Ағылшын тілі бойынша білім деңгейін жоғарылату (TOEFL, IELTS)– 3 оқытушы.