Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасы

«Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасында Болон үрдісінің қағидаларына, Қазақстандық еңбек нарығының талаптарына сәйкес құрылған 10 білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар, магистранттар, PhD-докторанттарды көп деңгейлі дайындау жүзеге асырылуда. Кафедраның материалдық-техникалық негізі - бұл заманауи құрал- жабдықтармен жабдықталған зертханалар мен арнайы дәрісханалар.

Білім

Қазақстан Республикасының Білім беру Үкіметі, Білім және Ғылым Министрлігі және Жоғарғы оқу орындары бекіткен өзектендірілген сыртқы және ішкі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми бағыттары: - Тамақ өнімдерінің, биологиялық белсенді және дәрілік препараттардың техника және технологияларын, сонымен қатар азық-түліктік қауіпсіздік саласында талдау әдістерін әзірлеу. - Жануар және өсімдік текті шикізаттарды қолдану арқылы функционалдық бағыттағы тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу.

Толығырақ

Тәрбие

«Тамақ өндірістерінің технологиялары және биотехнология» кафедрасында тәрбие жұмысы кафедраның бекітілген стратегиялық даму жоспары және кураторлық топтар тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізіледі. Кафедра студенттері Қазақстанның студенттер альянсы, студенттік дебат клубы, көңілді тапқырлар клубы (КТК) қатарын әрдайым толықтыруда, университет, қала, облыс және Республика деңгейінде өткізілетін жарыстарға және конкурстарға белсенді қатысады.

Толығырақ

Миссиясы

Тамақ және қайта өндеу өндірісі, биотехнология және стандарттау аласы үшін терең теориялық және тәжірибелік білім, дағдылары бар жоғары кәсіби білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Ғылым және техника дамуына үлес қосқан ғалымдарға және дарынды жас ғалымдарға (35 жасқа дейінгі) арналған Мемлекеттік стипендия тағайындау бойынша ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетімен жыл сайын өткізілетін конкурсқа 1 адамның қатысуы;
  2. ҚР ҒЖБМ, ҚР АШМ ғылым, ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына 2 жобаны ұсыну;
  3. Импакт-факторы бар (индекс Хирша, Скопус, Томсон Рейтерс)  3 ғылыми мақала жариялау;
  4.  Жетекші тамақ саласының өнеркәсіптерді қатыстыру арқылы дуальді оқытуды дамыту – 2 дана;
  5. Зертханалық практикум, ағылшын тілінде оқу құралды және/немесе монография жариялау - 1 бірлік;
  6. ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетімен жыл сайын өткізілетін "ЖОО Үздік оқытушысы" атағына тағайындалуға арналған конкурсқа қатысу – 2 оқытушы.