Технологиялық жабдықтар және машина жасау кафедрасы

Инженер-механиктерді даярлау 1964 жылдан бастап жүргізілуде. Алғашқы түлектерді шығару 1968 жылы жүзеге асырылды. Бастапқыда, 1964 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Семей филиалында "Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары"кафедрасы құрылды. Инженер-механик мамандарды шығару осы кафедра бойынша жүзеге асырылды. 2019 жылы қазіргі "Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасы атауын "Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары" және "Машина жасау технологиясы және механика" кафедраларын біріктіру есебінен алды.

Білім

Кафедра білім беру бағдарламасы бойынша: бакалавриат: 6В07105 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар", 6В07106 – "Машина жасау"; 6В11301 - "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру"; 6В11303 - "Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру"; магистратура: 7М07103 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар", 7М07104 – "Машина жасау"; PhD – докторантура: 6D07103 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандарды дайындайды.

Толығырақ

Ғылым

Халықаралық жобаларға қатысу, біліктілікті арттыру, Scopus немесе Web of Science базасына кіретін импакт-факторлы журналдарға жариялау, кафедра қызметкерлерінің өнертапқыштық қызметі

Толығырақ

Тәрбие

"Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасында тәрбие жұмысы кураторлық топтардың бекітілген тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Толығырақ

Миссиясы

Кафедраның миссиясы – инженерлік-техникалық саладағы білікті маман және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген «кемел тұлға» тәрбиелеу.

Сапа саласындағы мақсаттар

1 оқу құралын, 1 монография,  ғылыми журналдарда және халықаралық конференциялар материалдарында 10 мақала , оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар ғылыми журналдарда – кемінде 1 мақала жариялау.

Студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚР, жақын және алыс шетел ЖОО – да 1 студент оқыту.

Кафедраның  ПОҚ ҚР БҒМ қаржыландыратын ҒЗЖ конкурстарына қатысуы.