Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы

«Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімін, филолог және журналистика мамандарын даярлайды. «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының тарихына зер салсақ, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылымындағы негізгі буындардың бірі ретінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 1939 жылы құрылған. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі - қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі – Рахым Барлыбаев. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кейіннен бірер жыл институттың директоры болған. Қазақ тіліндегі саяси-әлеуметтік лексика бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. Кафедраның келесі басқарушысы - Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі Жұмағали Шәкенов. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, доцент. Қазақстанның және КСРО-ның білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. 1978 жылдан 2008 жылға дейін кафедра меңгерушісі - филология ғылымының кандидаты, профессор, ҚР және КСРО білім беру ісінің үздігі Қинаят Шаяхметұлы. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 15 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 11 ғылым кандидаты, 4 магистр қызмет атқарады. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылар 80 % құрайды. Қосымша жүктемеде 2 ғылым докторы, 1 PhD, 2 ғылым кандидаты, 3 практик маман жұмыс атқарады. Атап айтқанда, ф.ғ.д., профессор А.С.Еспенбетов, ф.ғ.д., профессор Б.А.Ердембеков, ф.ғ.к., профессор А.К Қадыров., ф.ғ.к., профессор А.О.Тоқсамбаева ф.ғ.к., доцент Э.М.Сәмекбаева, п.ғ.к., доцент Қ.Қ.Мұқанова, PhD докторы Қ.Ә.Әубәкірова, PhD Ә.Ә.Қасымова, ф.ғ.к. Т.Б. Қабышев, ф.ғ.к. Р.Қ.Сабырбаева, ф.ғ.к. Ш.С.Кеңесбаева, ф.ғ.к. Ғ.А.Түсупбекова, ф.ғ.к. Г.Б. Саганаева, ф.ғ.к. Қ.С.Құрмамбаева, ф.ғ.к. Ә.М.Жұмағұлова және магистрлер Г. Сағындыққызы, Г.С. Ахметова, А.С. Хибадуллина, Р.Т. Өмірбаев. Кафедрада кәсіби деңгейі жоғары мамандар қызмет атқаруда. Практикалардың кәсіби түрлері ҚР және Абай облысы жетекші мекемелері мен ұйымдарында жүргізіледі. Дуалды білім беру элементтері теориялық білімді практикада бекітуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасы оқыту нәтижелерін және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес құрылған. Кафедра ПОҚ ББ үндестіруге белсенді қатысады, басқа ЖОО-лардың жаңа енгізулеріне қызығушылық танытады. Мүмкіндігінше өзінің ББ-не жаңалықтар енгізеді. ПОҚ мен білім алушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсенді қатысады. Кафедрада серіктес жоғары оқу орындарымен оқу жылының бір семестрі ішінде білім алушылармен алмасу жақсы жолға қойылған. Кафедра жұмыс берушілермен өзара тығыз байланыс жасайды, түлектердің жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесулерін өткізеді. Жыл сайын түлектердің жұмысқа орналасу пайызы 70-80 пайызды құрайды.

Білім

Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы бойынша төмендегідей білім беру бағдарламалары дайындалады: Бакалавр: 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті 6В01706 – Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі 6В02303 – Филология 6В02305 – Филология (қазақ) - журналистика 6В03201 – Журналистика Магистратура: 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 15 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 11 ғылым кандидаты, 4 магистр қызмет атқарады. Кафедраның ғылыми дәрежелену деңгейі – 80 % құрайды.

Толығырақ

Тәрбие

Білім алушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тәрбие жұмыстарын жүргізудің заманауи тұжырымдамалары мен бағдарламалары бойынша жүйелі жұмыс жүргізу; Білім беру жүйесінде тәрбиенің ұлттық құндылығын арттыру. Кафедра бойынша төмендегі үйірмелер жұмыс жасайды: Абай клубы; «Қаламгер» үйірмесі.

Толығырақ

Миссиясы

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман мен кемел тұлғаны қалыптастыру.

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткішін 70-80 %-дан  түсірмеу.
  2. Профессор-оқытушылық құрамның ғылыми дәрежелену көрсеткішін 85%-ға жеткізу.
  3. Шетелдік және еліміздегі жоғары оқу орындарына оқытушыларды дәріс оқуға жіберу.
  4. Дуалды оқу жүйесін енгізу.
  5. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-мен жұмыс жүргізу, студент алмасу.
  6. Телестудияда бағдарламалар түсіру, деректі фильмдер дайындау
  7. Ғылыми басылымдарға, Импакт-факторлы ғылыми журналдарға мақала жариялау, монография шығару.