Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасы

Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасы 2019 жылы "Математика және математиканы оқыту әдістемесі", физика және информатика кафедраларының бірігуі арқылы құрылды. Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы 1934 жылдан бастап өз жұмысын бастады, 2004 жылы кафедрада магистратура ашылды. Кафедра жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары үшін 7 мыңнан астам даярланған кадрлар шығарылды.

Білім

Оқу-әдістемелік жұмыс жоғары және орта мектептің қазіргі жағдайына және өңірдің кадрларға деген қажеттіліктеріне бағытталған. Дәріс және семинар сабақтарының дайындық деңгейі мен мазмұны мемлекеттік стандарт пен оқу жұмыс жоспарының талаптарына сай. Теориялық білім мектептерде практикалық дағдылармен нығайтылады. Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметі іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, қазіргі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру мақсатында кафедрада студенттік ғылыми қоғам жұмыс істейді.

Толығырақ

Тәрбие

Заманауи бәсеке талаптарына сай мамандарды даярлау.

Толығырақ

Миссиясы

Еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары кәсіби бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Элективті пәндер бойынша оқу-әдістемелік басылымдар санын арттыру – 7;
  2. Импакт – факторлы шетел журналдарында ғылыми  мақала жариялау– 3;
  3. ҚР БЖҒМ БЖҒСБК ұсынған журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау – 10 мақала;
  4. Кафедраның   ПОҚның  монографиясын баспадан шығару – 1;
  5. ПОҚ республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуы – 35%;
  6. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2-4 курс білім алушыларды тарту– 1;
  7. Бітірушілерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету-85 %;