Техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасы

Кафедра тарихы 1984 жылдан басталады («Тоңазытқыш және компрессорлық машиналар мен қондырғылар» кафедрасы). 2008 жылы қайта құру және мамандықтардың жаңа классификаторын енгізу нәтижесінде кафедра «Техникалық физика және жылуэнергетика» деп аталды. Кафедра бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.

Білім

Кафедрада «Жылу энергетикасы» (бакалавриат және магистратура) және «Техникалық физика» (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларында іске асырылатын жоғары және төмен потенциалды энергия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау жүргізіледі.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми қызметі жоғары энергия, заттардың қасиеттері және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы зерттеулерге бағытталған. Бұл жұмыстың нәтижесі жақын және алыс шетелдердің рейтингтік журналдарындағы жарияланымдар болып табылады.

Толығырақ

Тәрбие

Кафедрадағы тәрбие жұмысы университеттің жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі және әр оқытушының өз пәні аясында, сондай-ақ оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.

Толығырақ

Миссиясы

Физика және энергетика саласында теориялық және практикалық терең білімі бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.

Сапа саласындағы мақсаттар

1) WebofScinece және Scopus журналдарында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналдарда ғылыми мақалалар жариялау – 4.

2) Оқытушылар мен білім алушылардың халықаралық конференция материалдарындағы жарияланымдары – 5.

3) Пайдалы модельге патент алу –1.

4) Оқу құралын шығару – 1.

5) 5 пән бойынша кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша дуальды оқыту элементтерімен сабақтар өткізуді қамтамасыз ету.

6) ҚР ҰҚМ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу –1.

7) Брендтік білім беру бағдарламасын әзірлеу – 1.