Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасы

«Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасында Болон үрдісінің қағидаларына, Қазақстандық еңбек нарығының талаптарына сәйкес құрылған 10 білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар, магистранттар, PhD-докторанттарды көп деңгейлі дайындау жүзеге асырылуда. Кафедраның материалдық-техникалық негізі - бұл заманауи құрал- жабдықтармен жабдықталған зертханалар мен арнайы дәрісханалар.

Білім

Қазақстан Республикасының Білім беру Үкіметі, Білім және Ғылым Министрлігі және Жоғарғы оқу орындары бекіткен өзектендірілген сыртқы және ішкі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми бағыттары: - Тамақ өнімдерінің, биологиялық белсенді және дәрілік препараттардың техника және технологияларын, сонымен қатар азық-түліктік қауіпсіздік саласында талдау әдістерін әзірлеу. - Жануар және өсімдік текті шикізаттарды қолдану арқылы функционалдық бағыттағы тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу.

Толығырақ

Тәрбие

«Тамақ өндірістерінің технологиялары және биотехнология» кафедрасында тәрбие жұмысы кафедраның бекітілген стратегиялық даму жоспары және кураторлық топтар тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізіледі. Кафедра студенттері Қазақстанның студенттер альянсы, студенттік дебат клубы, көңілді тапқырлар клубы (КТК) қатарын әрдайым толықтыруда, университет, қала, облыс және Республика деңгейінде өткізілетін жарыстарға және конкурстарға белсенді қатысады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

6B05102 - Биотехнология

В050 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламаларының тобы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

6В05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша даярлықты жүзеге асыратын Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің «Тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының инженерлік- технологиялық факультеті В050 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жүзеге асыратын 6В05102 «Биотехнология» Білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып әзірленген. Білім беру бағдарламасы білім беру процесін жүзеге асырудың мақсатын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және бітірушінің кәсіби қызметінің бағыттары мен бағдарламасының сипаттамасын, оқу нәтижелері мен алған құзыреттерін, білім алушыларды даярлау сапасын қамтамасыз ететін білім беру процесін ұйымдастыруды қамтиды. Бұл білім беру бағдарламасы үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, ол оқу тілінде (мемлекеттік немесе орыс) оқу пәндерінің 50% - ын, екінші тілде (орыс немесе мемлекеттік тиісінше) 20% - ын және ағылшын тілінде 30% - ын көздейді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 25 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
6B05 - Естественные науки, математика и статистика
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
6B051 - Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0510
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
B050 - Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
6B05102 - Биотехнология

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
6В05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
инженер-технолог (технолог);
- сапа жөніндегі инженер;
- инженер-зертханашы;
- өндірісті дайындау жөніндегі инженер;
-өндірістік зертханалардағы зертханашы;
-ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау ұйымдарындағы зертханашы;
- техник-технолог;
- техник-зертханашы
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
6
Кәсіби қызмет саласы
Қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы
Кәсіби қызмет нысаны
- Өндірістік кәсіпорындар және тамақ және қайта өңдеу, микробилогиялық өнеркәсіп зертханалары;
- Ауыл шаруашылық кәсіпорындары;
- Селекциялық станциялар;
- Экологиялық қызметтер мен ұйымдар;
- Санитарлық-эпидемиологиялық станция;
- Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертхана
Кәсіби қызмет түрлері
Есептік-жобалық;
Ұйымдастыру-басқарушылық;
Өндірісті-технологиялық.
Сервисті-пайдалану
Селекциялық

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

2 модуль. Тілдік дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

3 модуль. Жаратылыстану-ғылыми пәндер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

4 модуль. Тірі жүйелер биотехнологиясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

5 модуль. Биотехнологиялық өндірісті ұйымдастыру

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

6 модуль. Биотехнологиялық өндіріс кәсіпорындарын жобалау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

7 модуль. Ғылыми зерттеулер және зияткерлік меншікті қорғау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Дипломдық жобаны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханды дайындау және тапсыру.