Ауыл шаруашылығы және биоресустар кафедрасы

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ауылшаруашылық саласына қажетті мамандар дайындауды Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институты негізінде бастаған.1996 жылдан бастап оқу орны Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 2013 жылдан Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті болып аталады. 1996 жылы бірнеше кафедра ашылды, олар қазіргі күнде «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының негізін құрайды. «Адам және жануарлар морфологиясы және физиологиясы» кафедрасы құрамына - Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының үй жануарларының қалыпты анатомиясы кафедрасы, қалыпты патологиялық физиология кафедрасы, гистология, эмбриология және цитология кафедрасы, Семей педагогикалық институтының анатомия және физиология кафедрасы, зоология кафедрасы, спорт физиологиясы кафедрасы, Семей технологиялық институтының морфологиялық және физиологиялық пәндері кафедрасы біріктірілген. «Мал шаруашылығы және селекция» кафедрасы – азық өндіру кафедрасы, ірі қара мал шаруашылығы кафедрасы, азықтандыру кафедрасы, механизация кафедрасы, қой шаруашылығы кафедрасы негізінде құрылған. 2005 жылы «Жануарлар морфологиясы мен физиологиясы» кафедрасының атауы «Биология» кафедрасы болып өзгертілді. 2005 жылы факультет кафедрасының мамандықтарынан «Мал шаруашылығы және агрономия» құрылды. 2009 жылдан бастап кафедраның атауы «Агротехнология», 2013 жылы «Агротехнология және орман ресурстары», ал «Биология» кафедрасы «Мал шаруашылығы және аңшылықтану» кафедрасы болып ауыстырылды. «Ауылшаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының меңгерушісі Нуржанова Кулсара Халимарденовна – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының штаты 16 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 3 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 1 PhD, 6 магистр қызмет атқарады, ғылыми дәрежесі бар оқытушылар 56,3 % құрайды. Кафедраның ББ бірегейлігі-білім алушылар өндірістің нақты жағдайларында практикалық дағдыларды алады. Практикалардың кәсіби түрлері ҚР және ШҚО жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарында жүргізіледі. Дуальды білім беру элементтері теориялық білімді практикада бекітуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасы оқыту нәтижелерін және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін құзыреттерді алуға мүмкіндік береді. Білім алушылар мамандарды даярлаудың қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, өздерінің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік алады, бұл таңдаған дайындық бағыты бойынша білім алуды қисынды аяқтауға мүмкіндік береді. Қосымша құзыреттердің де кең таңдауы бар - бұл экономика, экология, биология, инженерлік геодезия және ақпараттық технологиялар. Кафедра білім алушылардың кешенді дайындығын жүргізеді, яғни технологтар өсімдік шаруашылығы, агрономдар – мал шаруашылығы, орманшылар - биологиялық пәндерді зерделейді, бұл болашақ мамандарға ауыл шаруашылығы салаларында жақсы бағдарлануға мүмкіндік береді. Мұның бәрі, сайып келгенде, түлектің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Кафедра ПОҚ ББ үндестіруге белсенді қатысады, басқа ЖОО-лардың жаңа енгізулеріне қызығушылық танытады. Мүмкіндігінше өз ББ-не жаңалықтар енгізеді. ПОҚ мен білім алушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсенді қатысады. Кафедрада серіктес жоғары оқу орындарымен оқу жылының бір семестрі ішінде білім алушылармен алмасу жақсы жолға қойылған. 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде академиялық ұтқырлық бойынша кафедра оқытушылары Жанадилов А. Ю., Ахметова Б. С., Корабаев Ж. З.. Сейлғазина С.М., Тугамбаева С. М. Торайғыров университетінің және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеттің білім алушыларына дәріс оқыды.. Кафедра ғалымдары білім алушыларды тарта отырып, гранттық, шаруашылық келісімшарт және бастамашылық бағдарламаларды орындауға қатысады. Шәкәрім университеті ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған бағдарламалар жасады. Негізгі тапсырыс берушілер-ҚР Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы, барлық меншік нысанындағы шаруашылық. Жұмысқа орналастыру мақсатында сайтта жыл сайын түлектердің түйіндемелері орналастырылады. Кафедра жұмыс берушілермен өзара тығыз байланыс жасайды, түлектердің жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесулерін өткізеді. Жыл сайын түлектердің жұмысқа орналасу пайызы 87-90 пайызды құрайды.

Білім

«Ауылшаруашылығы және биоресурстар» кафедрасы Шәкәрім атындағы университетте ветеринария және агроменеджмент факультеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, АӨК проблемалары мен міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білікті ауылшаруашылығы мамандарын даярлауды жүзеге асырады. Бакалаврларды дайындау мынадай білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады: 6В08101 – Агрономия, 6В08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, 6В08301 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 6В08302 – Аңшылықтану және аң шаруашылығы, 6В08303 - Орман ресурстары және аңшылықтану. Магистранттарды даярлау магистратураның 2 ББ: 7М08101 – Агрономия, 7М08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

Толығырақ

Ғылым

Кафедра екі ғылыми бағытта жұмыс істейді: "Өңделетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділік әлеуетін іске асыру, экологиялық қауіпсіз өнім алу, қоршаған ортаны қорғау мақсатында құнарлылықты арттыруды қолдаудың экологиялық ресурс үнемдейтін жүйелері", жетекші Сейлгазина С.М., а.-ш. ғ. д., орындаушылар: Джаманова Г. И., Байгазакова Ж. М. және "Қазақстанның солтүстік-шығыс жағдайында етті-майлы қойлар мен ірі қара малдың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту жолдары".", жетекшісі: Қожебаев Б. Ж., а.-ш. ғ. д., орындаушылар: Нуржанова К. Х., Ахметова Б. С., Корабаев Ж. З., Нусупов А. М. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының генетикалық әлеуетін, өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігін арттыру бойынша бастамашылық тақырыптар бойынша ҒЗЖ жүргізіледі.

Толығырақ

Тәрбие

Кафедрада тәрбие жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес алты бағыт бойынша жүргізіледі: тәрбие жұмысын ақпараттық-талдау және әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, студенттер тұлғасының әлеуметтік-маңызды қасиеттері мен коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру, жас таланттарды дамыту және қолдау, салауатты өмір салты мен дене тәрбиесін қалыптастыру, ҚР Президентінің жолдауы бойынша түсіндіру іс-шаралары.

Толығырақ

Миссиясы

ҚР МЕМСТ және халықаралық стандарттар талабына сәйкес ауылшаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Білім алушылардың білім сапасын 91%  қамтамасыз ету;
  2. Оқу процесіне инновациялық техникалық оқыту тәсілдерін енгізуді және әдістемеліктермен қамтуды 93%-ға арттыру;
  3. Кафедраның студенттерін әр түрлі дәрежедегі ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша сайыстарға қатыстыру;
  4. Студенттердің және магистранттардың академиялық ұтқырлығы бойынша жұмысты 20%-ға кеңейту;
  5. Жұмыс берушілермен ынтымақтастықты арттыру, бітірушілерді жұмысқа орналастыруды - 70% жеткізу.