Технологиялық жабдықтар және машина жасау кафедрасы

Инженер-механиктерді даярлау 1964 жылдан бастап жүргізілуде. Алғашқы түлектерді шығару 1968 жылы жүзеге асырылды. Бастапқыда, 1964 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Семей филиалында "Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары"кафедрасы құрылды. Инженер-механик мамандарды шығару осы кафедра бойынша жүзеге асырылды. 2019 жылы қазіргі "Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасы атауын "Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары" және "Машина жасау технологиясы және механика" кафедраларын біріктіру есебінен алды.

Білім

Кафедра білім беру бағдарламасы бойынша: бакалавриат: 6В07105 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар", 6В07106 – "Машина жасау"; 6В11301 - "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру"; 6В11303 - "Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру"; магистратура: 7М07103 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар", 7М07104 – "Машина жасау"; PhD – докторантура: 6D07103 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандарды дайындайды.

Толығырақ

Ғылым

Халықаралық жобаларға қатысу, біліктілікті арттыру, Scopus немесе Web of Science базасына кіретін импакт-факторлы журналдарға жариялау, кафедра қызметкерлерінің өнертапқыштық қызметі

Толығырақ

Тәрбие

"Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасында тәрбие жұмысы кураторлық топтардың бекітілген тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

6B07106 - Машина жасау

B064 Механика және металл өңдеу білім беру бағдарламаларының тобы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

6В07106 «Машина жасау» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы инженерлік-технологиялық факультетте, «Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасында жүзеге асырылады. Шәкәрім университетінің білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады, онда машина жасау өндірісінің барлық салалары, соның ішінде әскери-өнеркәсіп, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық салалары бар. Аймақта мынадай кәсіпорындар жұмыс істейді: «Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы, «Семей Инжиниринг» инженерлік акционерлік қоғамы, «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КазНИИППП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ПКФ Семей Сталь сервис» серіктестігі, «СЕЙВУР ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Казэлектромаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Daewoo Bus Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "ПК "Цементный завод Семей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамы, «Казцинкмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған кәсіпорындарға ғылым мен техника саласында, соның ішінде жаңа материалдар мен технологияларды, приборлар мен құрылғыларды зерттеуге, жасауға және пайдалануға байланысты қажетті құралдар мен іс қимылдың әдіс-тәсілдерін меңгерген кәсіби құзыреттілікке ие мамандар қажет.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 25 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
6B07 - Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
6B071 - Инженерия және инженерлік іс
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0710
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
B064 - Механика және металл өңдеу
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
6B07106 - Машина жасау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
6В07106 «Машина жасау» білім бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
a) Жетекшілер лауазымы: Өндіріс меңгерушісі; Цех (участок) басшысы; Участок мастері; Өндірістік бөлім басшысы; Ауысым басшысы; Жұмыс өндіруші.
b) Мамандар лауазымы: Диспетчер, Инженер, Инженер-конструктор (конструктор), Инженер-лаборант, Аспаптар бойынша инженер, Өндірісті әзірлеу бойынша инженер, Инженер-технолог (технолог), Лаборант, Кәсіби кеңесші.
c) Басқа қызметтер лауазымы (техникалық атқарушылар): Кодификатор.
d) Ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздеу ұйымдарына арналған үшін ортақ ғылыми, ғылыми және техникалық қызметкерлер лауазымы: Инженер, Лаборант.
e) Конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздеу ұйымдарының жетекшілері мен техникалық қызметкерлерінің лауазымдары: Инженер-жобалаушы
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
6-деңгей
Кәсіби қызмет саласы
машина жасау өндірісі, әскери-өнеркәсiптік индустрия, көлiк және коммуникация, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылықпен бірге өнеркәсiптiк өндiрiстiң барлық салалары; құрамында механикалық-жөндеу қызметтерін көрсететiн кәсiпорындар; техникалық білімді қажет ететін өнiмдердi әзiрлеу, өндiру немесе өткiзу жөнiндегi кәсiпорындар, білім беру мен тұтынушыларға қызмет көрсету салалары
Кәсіби қызмет нысаны
басқару органдары, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік емес меншік жеке ұйымдар, соның ішінде өндіріс, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндіру мен тұтыну саласы
Кәсіби қызмет түрлері
ұйымдастыру-басқару – машина жасау өндірісін басқарудың әртүрлі деңгейлерінде ұйымдастыру, қажетті құжаттарды рәсімдеу;
өндірістік-технологиялық – кәсіпорынның технологиялық қызметін іске асыру, яғни технологиялық процеске сәйкес өнім өндіруді қамтамасыз ету;
жобалық-конструкторлық – машина жасау өндірісіне арналған конструкцияларды және машина жасау өндірісінің технологиялық жабдықталуын жобалау;
ғылыми-зерттеу – ұйымдастыру жолымен іске асырылып және тікелей орындалауды қажет ететін машина жасау өндірісіне қатысты ғылыми зерттеулерді іске асыру, сондай-ақ басқа да кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға арналған қажетті жобалау құжаттамаларын әзірлеу;
эксплуатациялық – машина жасау өндірісінің өнімдерін дұрыс пайдалануға арналған қажетті конструкциялық құжаттамаларды әзірлеу.
Мүдделілік білдірген жұмыс берушілердің сұранысы бойынша «Машина жасау» мамандығы бойынша бакалавр әртүрлі қызмет түрлеріне дайындалады, бірақ негізгі бағыты өндірістік-технологиялық және эксплуатациялық қызмет болып табылады.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

2 модуль. Физика-математикалық негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

3 модуль. Жалпы техникалық дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

4 модуль. Базалық инженерлік дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

5 модуль. Құрастырмалау негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

6 модуль. Машина жасау өндірісінің станок жабдықтары

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

7 модуль. Машина жасау кәсіпорындарын жобалау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

8 модуль. Машина жасау технологиясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Дипломдық жобаны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханды дайындау және тапсыру.