Тарих кафедрасы

"Тарих және құқық" кафедрасы 1939 жылдан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары енгізген ғылыми дәстүрлерді жалғастырушы болып табылады. "Тарих және құқық" кафедрасының негізгі штаты-кәсіби міндеттердің кең спектрін шешуде құзыретті жоғары білікті педагогтар, мамандар, ғалымдар. Кафедраның жұмыс істеуі барысында қызметтің басым бағыттары: теориялық және практикалық дайындықтың жоғары сапасы; аймақтың қажеттіліктерін есепке алу; оқытудың практикалық бағыты болды; жақын және алыс шетелдердің ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары. "Тарих және құқық" кафедрасы әртүрлі шетелдік жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен, Алтай мемлекеттік университетімен, Тыва Республикасы Үкіметінің жанындағы Тува гуманитарлық зерттеулер институтымен (РФ), Тува мемлекеттік университетімен (РФ), Новосибирск қ. РҒА Ғылым Академиясының тарих институтымен (РФ), Моңғол ғылым академиясының Философия институтының Баян-Өлгей аймағының бөлімшесімен байланыстарды қолдайды. Кафедра оқытушылары, т.ғ. д., профессор Атантаева Б. Ж. (2008 ж., 2021 ж.), т. ғ. д., профессор Байсарина Қ.Қ . (2011 ж.), п. ғ. к. Ғазизова Н. С. (2012 ж.) "ҚР ЖОО үздік оқытушысы"атағының иегерлері болып табылады. "Тарих" мамандығының түлектерінің қауымдастығы жұмыс істейді, оның мүшелері студенттермен үнемі кездесіп, кафедра, университет іс-шараларына қатысады.

Білім

Қазіргі кезде «Тарих және құқық» кафедрасында «Тарих» 6В01601 білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, «Тарих» (ғылыми-педагогикалық бағыт) 6В01601 білім беру бағдарламасы бойынша магистратура, «Тарих» (ғылыми-педагогикалық бағыт) 8D01601 білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бар. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттар елімізде және шет елде білім алу мүмкіндіктеріне ие болды. (Ерланова Ж. - ПМПИ, Павлодар қ., Бекмухаметов Д., Калиева Н., Төкен А., Кәрімова А. - Диджле Университеті, Диярбакыр қ, Турция).Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Тарих» 6В01601 ББ ПМПИ студенті А.Садыкұлы келді.Кафедра докторанттары ғылыми тағылымдамадан Анкарадағы Хаджи Байрам Вели университетінен (Түркия), Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінен (г.Барнаул, РФ) өтеді."Семей қаласының №37 гимназиясы"КММ-мен дуальды оқыту элементтерімен оқу процесін ұйымдастыру бойынша шарт жасалған.

Толығырақ

Ғылым

«Тарих және құқық» кафедрасының ПОҚ, докторанттар, магистранттар мен студенттер «Қазақстанның Ертіс өңірінің ежелгі дәуірден бастап тарихи дамуы» кафедралық тақырып аясында зерттеулер жүргізеді, ҚР БҒМ, ШҚО әкімдігі гранттарын және бастамашыл тақырыптарды іздеу шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырады. 2018 жылы т.ғ.к., профессор А. И. Исин ШҚО әкімдігінің «Шығыс Сары-Арқа археологиялық ескерткіштері» ғылыми жобасының жетекшісі болды. Оқытушы Рахметуллин Е. Е.. «Алаш Қазақстан мемлекеттілігінің тарихында: идеялар, тағдырлар, мұра (қоғамның рухани жаңғыруы контекстінде)» Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жобасына қатысты.

Толығырақ

Тәрбие

Тәрбие жұмысының басым бағыттары: үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру; болашақ маманның кәсіби және әлеуметтік бейімделуі үшін оңтайлы жағдайлар жасау; білім беру және қоғамдық қызметте студенттердің өзіндік қызметін дамыту және көтермелеу. Тәрбие жұмысы үш деңгейде жүзеге асырылады: Жоғары оқу орны, Факультет және кафедра деңгейінде. 6В01601 – Тарих, 7M01601 – Тарих, 8D01604 – Тарих ББ білім алушылары еріктілер қозғалысына қатысады. М. Сырымұлы Шәкәрім атындағы университеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі.

Толығырақ

Білім беру бағдарламалары

6B01601 - Тарих
Білім беру саласының жіктелуі және коды:
6B01 - Педагогические науки
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды:
B015 - Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
Берілетін дәреже / біліктілік:
6B01601 Тарих білім бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Атамекен Рейтингі::
Бағдарлама менеджері

Мукатаева Зауре Кадырбаевна

Тарих ғылымдарының кандидаты

user-avatar
7M01601 - Тарих
Білім беру саласының жіктелуі және коды:
7M01 - Педагогические науки
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды:
M016 - Тарих педагогтерін даярлау
Берілетін дәреже / біліктілік:
7М01601 – Тарих білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Атамекен Рейтингі::
Бағдарлама менеджері

Ахметова Раушан Дюсенбековна

тарих ғылымдарының кандидаты

user-avatar
8D01601 - Тарих
Білім беру саласының жіктелуі және коды:
8D01 - Педагогические науки
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды:
D016 - Тарих педагогтерін даярлау
Берілетін дәреже / біліктілік:
8D01601 Тарих білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)
Атамекен Рейтингі::
Бағдарлама менеджері

Абенова Гульнур Атымтаевна

тарих ғылымдарының кандидаты

user-avatar