Тарих кафедрасы

"Тарих және құқық" кафедрасы 1939 жылдан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары енгізген ғылыми дәстүрлерді жалғастырушы болып табылады. "Тарих және құқық" кафедрасының негізгі штаты-кәсіби міндеттердің кең спектрін шешуде құзыретті жоғары білікті педагогтар, мамандар, ғалымдар. Кафедраның жұмыс істеуі барысында қызметтің басым бағыттары: теориялық және практикалық дайындықтың жоғары сапасы; аймақтың қажеттіліктерін есепке алу; оқытудың практикалық бағыты болды; жақын және алыс шетелдердің ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары. "Тарих және құқық" кафедрасы әртүрлі шетелдік жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен, Алтай мемлекеттік университетімен, Тыва Республикасы Үкіметінің жанындағы Тува гуманитарлық зерттеулер институтымен (РФ), Тува мемлекеттік университетімен (РФ), Новосибирск қ. РҒА Ғылым Академиясының тарих институтымен (РФ), Моңғол ғылым академиясының Философия институтының Баян-Өлгей аймағының бөлімшесімен байланыстарды қолдайды. Кафедра оқытушылары, т.ғ. д., профессор Атантаева Б. Ж. (2008 ж., 2021 ж.), т. ғ. д., профессор Байсарина Қ.Қ . (2011 ж.), п. ғ. к. Ғазизова Н. С. (2012 ж.) "ҚР ЖОО үздік оқытушысы"атағының иегерлері болып табылады. "Тарих" мамандығының түлектерінің қауымдастығы жұмыс істейді, оның мүшелері студенттермен үнемі кездесіп, кафедра, университет іс-шараларына қатысады.

Білім

Қазіргі кезде «Тарих және құқық» кафедрасында «Тарих» 6В01601 білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, «Тарих» (ғылыми-педагогикалық бағыт) 6В01601 білім беру бағдарламасы бойынша магистратура, «Тарих» (ғылыми-педагогикалық бағыт) 8D01601 білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бар. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттар елімізде және шет елде білім алу мүмкіндіктеріне ие болды. (Ерланова Ж. - ПМПИ, Павлодар қ., Бекмухаметов Д., Калиева Н., Төкен А., Кәрімова А. - Диджле Университеті, Диярбакыр қ, Турция).Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Тарих» 6В01601 ББ ПМПИ студенті А.Садыкұлы келді.Кафедра докторанттары ғылыми тағылымдамадан Анкарадағы Хаджи Байрам Вели университетінен (Түркия), Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінен (г.Барнаул, РФ) өтеді."Семей қаласының №37 гимназиясы"КММ-мен дуальды оқыту элементтерімен оқу процесін ұйымдастыру бойынша шарт жасалған.

Толығырақ

Ғылым

«Тарих және құқық» кафедрасының ПОҚ, докторанттар, магистранттар мен студенттер «Қазақстанның Ертіс өңірінің ежелгі дәуірден бастап тарихи дамуы» кафедралық тақырып аясында зерттеулер жүргізеді, ҚР БҒМ, ШҚО әкімдігі гранттарын және бастамашыл тақырыптарды іздеу шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырады. 2018 жылы т.ғ.к., профессор А. И. Исин ШҚО әкімдігінің «Шығыс Сары-Арқа археологиялық ескерткіштері» ғылыми жобасының жетекшісі болды. Оқытушы Рахметуллин Е. Е.. «Алаш Қазақстан мемлекеттілігінің тарихында: идеялар, тағдырлар, мұра (қоғамның рухани жаңғыруы контекстінде)» Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жобасына қатысты.

Толығырақ

Тәрбие

Тәрбие жұмысының басым бағыттары: үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру; болашақ маманның кәсіби және әлеуметтік бейімделуі үшін оңтайлы жағдайлар жасау; білім беру және қоғамдық қызметте студенттердің өзіндік қызметін дамыту және көтермелеу. Тәрбие жұмысы үш деңгейде жүзеге асырылады: Жоғары оқу орны, Факультет және кафедра деңгейінде. 6В01601 – Тарих, 7M01601 – Тарих, 8D01604 – Тарих ББ білім алушылары еріктілер қозғалысына қатысады. М. Сырымұлы Шәкәрім атындағы университеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

8D01601 - Тарих

D016 Тарих педагогтерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 8D01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді

Каталог элективных дисциплин
Образовательная программа
План развития ОП
Рабочий учебный план

Кіріспе

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің тарих және саясаттану кафедрасы іске асыратын «8D01601 - Тарих» білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының сұраныстарын, жұмыс берушілердің қажеттілікке байланысты қойған талаптарын, білім алушылардың мүмкіндіктерін және сұраныстарын, сонымен бірге кафедраның, жалпы университеттің әлеуетін есептей отыра жасалды. Білім беру бағдарламасының айшықты ерекшелігіне, оның әлемдік және отандық тарихтың саласы бойынша тарихи және пәнаралық зерттеулердің методологиясын, тәжірибелік дағдыларын меңгерген, сонымен бірге оларды аналитикалық, ғылыми-зерттеу қызметінде және оқытуда іске асыра алатын жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталуы жатады. «8D01601-Тарих» білім беру бағдарламасының басқаларға ұқсамайтындай өзіндік ерекешелігінің негізінде, бітірушілердің тарихи үрдісті, тарих ғылымының әдістерін іс-тәжірибеде көрсетулері, ғылыми-зерттеу жобаларын жасай алулары, оларды іске асыра алатындықтары, тарих ғылымы, білімі саласындағы, жаңа, күрделі идеяларды сараптай және осы ғылымының қарышты дамуына қолдау көрсете білулері жатыр.
PhD докторларды дайындау бойынша, білім беру процесінің аяқталуының негізгі критериіне, білім алушылардың теориялық оқудың 45, соның ішінде практиканың 20 (педагогикалық практика – 10 кредит, зерттеу практикасы – 10 кредит), докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысының – 123 және қорытынды аттестаттаудың – 12 кредиттерін игеруі жатады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
8D01 - Педагогические науки
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
8D016 - Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0114
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
D016 - Тарих педагогтерін даярлау
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
8D01601 - Тарих

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
8D01601 Тарих білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
Тарихшы;
Зерттеуші;
Университет оқытушысы;
Мемлекеттік қызметкер
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
8
Кәсіби қызмет саласы
Педагогикалық қызмет;
Ғылыми-зерттеу қызметі;
Мәдени-ағарту қызметі;
Ұйымдастыру-басқару қызметі;
Сарапшылық-аналитикалық қызмет

Кәсіби қызмет нысаны
Жоғары оқу орны;
Ғылыми-зерттеу институттары;
ведомствалық ғылыми-зерттеу ұйымдары;
Мемлекеттік басқарудың, мұражайлар және мұрағаттардың бақылау-аналитикалық қызметтері
Кәсіби қызмет түрлері
әлеуметтік – педагогикалық – білім алушылардың толыққанды өмір сүруіне, тәрбиесіне және дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету;
• білім беру – білім алушылардың оқыту және дамыту, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, педагогикалық қызмет нәтижелерін болжау, түзету;
• ғылыми-зерттеу - қолданбалы тарих, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
• ұйымдастырушылық-әдістемелік - инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату;
• мәдени-ағартушылық - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттандыру, мультимедиа-білім беру саласында оқушы жастармен мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық мәдениет саласында ағарту жұмыстарының бағдарламаларын, әдістемелерін және технологияларын әзірлеу;
өндірістік-технологиялық – ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалану негізінде технологиялық процесті басқару және ұйымдастыру.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

Модуль 1. Ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Гуманитарлық ғылымның өзекті методологиялық проблемаларын білетіндігін көрсету Кәсіби қоғамдастықпен және білім беру жүйесіндегі барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынасты жүзеге асыру Теориялық және практикалық білімді білім беру және басқару саласында қолдана білу Өзінің жаңа ғылыми идеяларын генерациялау және ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өз білімдері мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлау Ғылыми-зерттеу, эксперименталды-зерттеу қызметтерін жоспарлау және іске асыру . Тарихи зерттеулерді ғылыми практикада іске асыру барысында қазіргі ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдану Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қазіргі заманғы пәнаралық байланыстар негізінде қорытындылау және сараптау қабілеттілігін іске асыру Білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру Білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттеу

Модуль 2. Пәнаралық тарихи зерттеулер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Гуманитарлық ғылымның өзекті методологиялық проблемаларын білетіндігін көрсету Өзінің жаңа ғылыми идеяларын генерациялау және ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өз білімдері мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлау Ғылыми-зерттеу, эксперименталды-зерттеу қызметтерін жоспарлау және іске асыру . Тарихи зерттеулерді ғылыми практикада іске асыру барысында қазіргі ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдану Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қазіргі заманғы пәнаралық байланыстар негізінде қорытындылау және сараптау қабілеттілігін іске асыру Мамандарды жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау деңгейінде оқыту процесінде дүниежүзілік және отандық тарихтың іргелі мәселелері туралы білімді қолдану

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Қорытынды аттестаттау докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 12 академиялық кредитті құрайды