Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы кафедрасы

"Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" оқу кафедрасы 2022 жылы "Автоматика және ақпараттық технологиялар" мен "Геодезия және құрылыс" кафедраларын біріктіру арқылы құрылды және Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің құрамдық бірлігі болып табылады. Кафедра бағыттары бойынша дайындығы бар түлектер басқару жүйесі, технологиялық жүйелерді автоматтандыру және басқару, ақпараттық технологиялар, геодезия және құрылыс салаларында өз білімдерін қолдануға бірегей мүмкіндік алады. Кафедра студенттерге жоғары сапалы кәсіби білім алуға және автоматтандыру, ақпараттық технологиялар, қалақұрылысы саласында маман болуға мүмкіндік беретін жақсы материалдық-техникалық базаға және білікті ұстаздық құрамға ие.

Білім

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу процесін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, оған ұсынымдарды енгізуге, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған. Дуалды оқыту элементтері енгізіліп, студенттер практикалық және зертханалық сабақтарды өндіріс базаларында өтуге келісімшарттар жасалынды.

Толығырақ

Ғылым

Ғылыми бағыттары: * Заманауи технологиялар негізінде өндірісті автоматтандыру. * Айқын емес ортада шешім қабылдаудың модельдері мен әдістерін әзірлеу * Технологиялық процестерді басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. * Оқу процесіне ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу. * Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу.

Толығырақ

Тәрбие

Кафедра студенттері Қазақстан студенттер альянсында, студенттік дебат клубында, республика, облыс, қала деңгейінде көңілді тапқырлар (КВН) клубында өз қатарларын толықтырады. Студенттер "Жыл көшбасшысы", "Жылдың үздік студенті", "Жылдың үздік дебатері", "Жыл белсендісі" номинациялары бойынша жыл сайынғы байқауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Кафедра студенттері университет өткізетін жарыстар мен басқада конкурстарына белсенді қатысады. Жыл сайын "KAZENERGY" компаниясы шәкіртақысының иегері атанып, салалық бағдарлама бойынша оқу гранттарын ұтып алады. Сонымен қатар түрлі форумдар мен семинарлардың ұйымдастырушылары болып табылады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

6B07301 - Геодезия және картография

B074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс білім беру бағдарламаларының тобы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ, жүзеге асыратын «6B073 Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша «6В07301 Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. «6В07301 Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы геодезия және картография саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын «6В073 Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша инженерлік-технологиялық бакалавр дәрежесін дайындауға арналған. 2017 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы денсаулық сақтаудан өнеркәсіптің барлық салаларына, оның ішінде геодезия саласына қатысты. Сандық технологиялар аналогтардан айырмашылығы бар ақпаратты тез және сенімді жасау, беру және сақтау мәселесіне айналды. Қазақстанда цифрландырудың арқасында, индустриалды деректерге бағытталған географиялық ақпараттық карталар пайда болады. Қазақстандағы танымал мамандықтар деген сұраныс жыл сайын өсіп отырады, соған сай иженер-геодезисттерге де сұраныс артып отыр. Қазіргі уақытта «Геодезия» мамандығы еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие болды.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 25 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
6B07 - Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
6B073 - Сәулет және құрылыс
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0730
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
B074 - Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
6B07301 - Геодезия және картография

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
«6В07301 Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
-инженер-геодезист,
- геодезист көмекшісі,
-картограф,
-жобалық ұйымдардың басқарушы, ғылыми-техникалық жұмысшылар, жалпы ғылыми зерттеуші, құрылымдаушы лауазымдары
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
СБШ және ҰБШ бойынша 6 біліктілік деңгейі
Кәсіби қызмет саласы
- экономиканың барлық салалары;
- жер ресурстарын басқару комитеті;
- мемлекеттік басқару және жер қатынастары бөлімдері;
- әскери-өнеркәсіптік кешен;
- азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс;
- геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындар;
- геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жеке кәсіпорындар.
Кәсіби қызмет нысаны
- Жер беті; мемлекеттік геодезиялық және арнайы мақсаттағы желілер; ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары;
- азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар;
- пайдалы қазбалардың кен орындары; жер учаскелері;
- табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер.
Кәсіби қызмет түрлері
Ұйымдастыру және басқару қызметі;
Өндірістік-технологиялық қызмет;
Есеп айырысу және жобалау жұмыстары;
Ғылыми-зерттеу жұмыстары;
Білім беру қызметі

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

1 Модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

2 Модуль. Жаратылыстану-ғылыми пәндер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

3 Модуль. Картографиялық-геодезиялық өлшемдер негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

4 Модуль. Геодезиялық өндірістегі автоматтандыру және жаңа технологиялар

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

5 Модуль. Жер мониторингі, картографиялау және цифрландыру

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

6 Модуль. Ғимараттар мен имараттардың инженерлік-геодезиялық жұмыстары

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Дипломдық жобаны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханды дайындау және тапсыру