Психология кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы білім беру саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Бакалавриат білім беру бағдарламалары: 6В01101-Педагогика және психология, 6В03102-Психология, 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01301-Бастауышты оқыту педагогикасы және әдістемесі. Магистратура: 7М01101-Педагогика және психология, 7М03101-Психология, 7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; 7М0130-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Білім

1. Студенттер мен магистранттарды оқыту процесі жаңа ақпараттық құралдар мен технологияларды қолдану негізінде жүзеге асырылады. 2. Білім беру ұйымдарымен бірігіп жұмыс істеу мақсатында оқу-тәрбие үрдісін жобалау, білім алушылардың әлеуметтік дамуы мен жеке ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу; білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, түзету-дамыту бағдарламаларын жасау.

Толығырақ

Ғылым

Халықаралық, аймақтық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу және жүзеге асыру, студенттер және магистранттармен бірлескен жобаларды дайындау, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және қатысу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту; білім алдушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын белсендіру.

Толығырақ

Тәрбие

Педагогика және психология кафедрасы келесі бағыттар бойынша тәрбие жұмысын жүзеге асырады: патриоттық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, салауатты өмір салтын қалыптастыру, экологиялық және еңбек, отбасылық тәрбие, көпмәдениетті, зияткерлік тәрбие, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, діни тәрбие, студенттердің шығармашылық белсенділігін жүзеге асыру.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

6B01101 - Педагогика және психология

В001 Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының тобы 6В01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ, гуманитарлық факультетінің "Педагогика және психология" кафедрасының "6B01101 - Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы жүзеге асырады, аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып, гуманитарлы-экономикалық факультетінің педагогика және психология кафедрасының ПОҚ әзірледі және білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады. Білім алушылардың білім беру қызметін ББ мәліметтеріне сәйкес ұйымдастыру оқу процесін жоспарлау, білім беру мазмұны, оқу сабақтарын өткізу тәсілдерін таңдау, білім алушылардың өзіндік жұмысы, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ББ-ның ерекше ерекшелігі педагог-психологтарды даярлау саласында шетелдік, отандық теориялық және практикалық тәжірибе синтезделгені, сондай-ақ инклюзивті білім беруді психологиялық сүйемелдеу үшін құзыреттілікті қалыптастыруға баса назар аударылғаны болып табылады. Осы білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелде тағылымдамадан өткен оқытушылар қатысады.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 25 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
6B01 - Педагогические науки
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
6B011 - Педагогика және психология
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0111
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
B001 - Педагогика және психология
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
6B01101 - Педагогика және психология

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
6В01101 - Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
педагог-психолог (мектепке дейінгі, орта және арнайы білім беру ұйымдары), білім беру ұйымдарының оқытушысы, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын (училищелер, колледждер).
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
6 (6.4)
Кәсіби қызмет саласы
Білім беру жүйесі
Кәсіби қызмет нысаны
- барлық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (ясли-бақшалар, шағын орталықтар);
- жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері, гимназиялар, лицейлер, шағын жинақты мектептер, спорт мектептері, балалар үйлері;
- арнайы түзету ұйымдары;
-техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (училищелер, колледждер).
Кәсіби қызмет түрлері
Ұйымдастыру-технологиялық
- озық педагогикалық технологиялар негізінде оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру.
Өндірістік-басқару
- «субъект-субъект» өзара іс-әрекеті.
Жобалау
- жалпы білім беретін орта мектепте білім беруді модельдеу.
Ғылыми-зерттеу
- кез-келген түрдегі ғылыми-зерттеу ұйымдарында;
- жоба, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, моделдеу және жүзеге асыру.
Білім беру
- педагогикажәне психологияны оқыту;
- кадрларды даярлау және қайта даярлау;
- инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

1 Модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

2 Модуль. Кадрларды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

3 Модуль. Мамандықтың психологиялық-педагогикалық аспектілері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

4 Модуль. Педагог-психологтың жұмысының мазмұндық аспектілері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

5 Модуль. Оқу үрдісін психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыру

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

6 Модуль. Психологиялық қызмет жағдайындағы практикалық іс-әрекет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Дипломдық жұмысты жазу және қорғау немесе кешенді емтиханды дайындау және тапсыру