Психология кафедрасы

Педагогика және психология кафедрасы білім беру саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Бакалавриат білім беру бағдарламалары: 6В01101-Педагогика және психология, 6В03102-Психология, 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01301-Бастауышты оқыту педагогикасы және әдістемесі. Магистратура: 7М01101-Педагогика және психология, 7М03101-Психология, 7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; 7М0130-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Білім

1. Студенттер мен магистранттарды оқыту процесі жаңа ақпараттық құралдар мен технологияларды қолдану негізінде жүзеге асырылады. 2. Білім беру ұйымдарымен бірігіп жұмыс істеу мақсатында оқу-тәрбие үрдісін жобалау, білім алушылардың әлеуметтік дамуы мен жеке ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу; білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, түзету-дамыту бағдарламаларын жасау.

Толығырақ

Ғылым

Халықаралық, аймақтық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу және жүзеге асыру, студенттер және магистранттармен бірлескен жобаларды дайындау, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және қатысу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту; білім алдушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын белсендіру.

Толығырақ

Тәрбие

Педагогика және психология кафедрасы келесі бағыттар бойынша тәрбие жұмысын жүзеге асырады: патриоттық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, салауатты өмір салтын қалыптастыру, экологиялық және еңбек, отбасылық тәрбие, көпмәдениетті, зияткерлік тәрбие, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, діни тәрбие, студенттердің шығармашылық белсенділігін жүзеге асыру.

Толығырақ

Миссиясы

Eңбек нарығында сұранысқа ие, практикалық қызметте психологиялық-педагогикалық сипаттағы кәсіби міндеттерді шешуде құзыретті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Шетел ғалымдарын дәріс оқуға шақыру-1 ғалым;
  2. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының монографиялар – 2, оқу-әдістемелік құралдар – 2 басып шығаруы;
  3. Білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тарту деңгейін арттыру-80%;
  4. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру – 10 студент;
  5. Түлектерді жұмысқа орналастыру-95%;
  6. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру — 95%;