Инженерлік-технологиялық факультетi

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетінің инженерлік-технологиялық факультеті тамақ және өңдеу өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлауда Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағында көшбасшы болып табылады. Профессор-оқытушылар құрамының 65%-ға жуығы ғылыми дәрежелері мен атақтары бар.

Білім

Білім бағдарламалары: 6В05102-Биотехнология 6В05201- Экология 6В05301-Химия 6В05303-Техникалық физика 6В06103- Ақпараттық жүйелер 6В06104- Smart жүйесі және программалау 6В07103-Жылу энергетикасы 6В07104-Автоматтандыру және басқару 6В07105-Технологиялық машиналар және жабдықтар 6В07106-Машинажасау 6В07202-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы 6В07301-Геодезия және картография 6В07302-Құрылыс 6В11201-Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 6В11303 - Логистика және тасымалды ұйымдастыру

Толығырақ

Ғылым

Факультеттің ғылыми бағыттары: табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, шикізаттар мен өнімдердің қайта өңдеу; тамақ өнеркәсібінің шикізаттарын, екіншілік өнімдерін және қалдықтарын зерттеу және қайта өңдеу; химиялық заттарды экологиялық нормалау (токсикометрия) әдістерін жасау және жетілдіру; табиғи ортаның ластануын физика-химиялық әдістермен кешенді зерттеуді жүргізу;

Толығырақ

Тәрбие

Факультеттің тәрбие жұмысының мақсаты: Азаматтық-патриоттық: әлеуметтік және саяси сауаттылықты қалыптастыру, жастар арасында деструктивті саяси идеялардың таралуына жол бермеу, көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлері мен мәдениетіне, өнері мен дініне деген төзімділік, құрметпен қарау; мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету; Адамгершілік және рухани: студенттердің деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетін тәрбиелеу, діннің қоғамдағы орны мен рөлін түсіну; Құқықтық: жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу Физикалық тәрбиелеу: бұқаралық спортты дамыту, әуесқой спорттық жарыстарға қатысу, студенттердің спорттық сайыстарын ұйымдастыру; Мәдени-бұқаралық және шығармашылық: көркем шығармашылық үйірмелерге қатысу, эстетикалық талғам қалыптастыру, студенттік көркемдік өзін-өзі дамыту; Әлеуметтік: әлеуметтік серіктестің принциптерін түсіндіру, волонтерлік студенттік қозғалысты қалыптастыру және дамыту.

Толығырақ

Миссиясы

Инженерлік-технологиялық факультетінің миссиясы заманауи еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін және кәсіби қызметтің әртүрлі саласында жоғарғы бейімделгіштікке ие халықаралық стандарт деңгейінде инженерлік және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Факультеттің ПОҚ-ның дәрежелігін жоғарылату, факультеттен жылына кемінде 3 адам.
  2. ҚР ҒЖБМ қаржыландырылатын ҒЗЖ-ның сайыстарына факультеттің әр кафедрасының ПОҚ-ның кемінде 1 оқытушысының қатысуы.
  3. Факультеттің ПОҚ-ның 1 оқытушысының «Үздік оқытушы-2023 жыл» атағын алу.
  4. Импакт-факторы жоғары шет ел журналдарында әр кафедраның ПОҚ-ының 1 мақаласын жариялау.
  5. Факультет ішінде және университет арасында өткізілетін тәрбиелік іс-шараларға факультеттен кемінде 60 пайыз білім алушыны тарту.
  6. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттарды Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыту – 4 білім алушыдан кем емес.
  7. Факультет түлектері бойынша жұмыспен қамтамасыз ету 85%-дан кем емес.