Жаратылыстану-математика факультетi

Мукаев Жандос Толеубекович - жаратылыстану-математика факультетінің деканы.

Білім

Жаратылыстану-математика факультетінде 7 білім беру бағдарламасының тобы және 14 білім беру бағдарламалары бар: 1. В009 – Математика мұғалімін даярлау 6В01501 – Математика 6В01502 – Математика-информатика 6В01503 – Математика-физика 2. В010 – Физика мұғалімін даярлау 6В01504 – Физика 6В01505 – Физика-информатика 3. В011 – Информатика мұғалімін даярлау 6В01506 – Информатика 6В01507 – Информатика-робототехника 4. В012 – Химия мұғалімін даярлау 6В01508 – Химия 6В01509 – Химия-биология 5. В013 – Биология мұғалімін даярлау 6В01510 – Биология 6. В014 – География мұғалімін даярлау 6В01511 – География 6В01512 – География-тарих

Толығырақ

Ғылым

Жаратылыстану-математика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметі іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, қазіргі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Қазір факультетте белгілі ғалымдар мен педагогтар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен доценттер, кәсіби деңгейі жоғары мамандар қызмет атқаруда. «Физика мұғалімін даярлау», «Информатика мұғалімін даярлау», «Химия мұғалімін даярлау», «Биология мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламаларының топтарында мектепке сәйкес пәндерді ағылшын тілінде оқыту негізінде үш тілде білім беру бағдарламасы енгізілген. Оқу үрдісін, ғылыми-әдістемелік жұмысты физика – математика ғылымдары және информатика, жаратылыстану ғылымдары пәндері оқу кафедралары жүзеге асырады. Ұстаздардың әдістемелік жұмыстары мен студенттердің курстық, дипломдық жұмыстарын талқылаудан өткізу үшін әр кафедраның орта мектептерде құрылған филиалдары бар.

Толығырақ

Тәрбие

Факультеттің тәрбие жұмысының мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Факультетте 11 бағыт бойынша тәрбие жұмыс жоспары бекітіліп, іс-шаралар атқарылады. 1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие – Отанға, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға, ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге, құқықтық тәртіпке жауапкершілік таныту. 2. Рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие - тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. 3. Ұлттық тәрбие - Тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.

Толығырақ

Миссиясы

Жаратылыстану-математика факультетінің миссиясы - бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды қазіргі заманғы еңбек нарығының қажеттіліктері деңгейінде даярлау және жаратылыстану-математика ғылымдары саласында терең теориялық, практикалық білімі, іскерліктері мен дағдылары, жоғары кәсіби біліктілігі бар мамандар даярлау болып табылады.

Сапа саласындағы мақсаттар

1. Scopus және Web of Science базасында индекстелетін журналдарда ғылыми мақалалар жариялау – 8;

2. ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда ғылыми мақалалар жариялау – 10;

3. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2-4 курс студенттері мен 1-курс магистранттарын тарту – кемінде 3;

4. Start up білім алушылар іске асыратын жобалар – 1

5. ЖАОК платформаларында жазылған курстар саны - 2

6. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар алған ПОҚ саны-2

7. ҚР ҒЖБМ РОӘК ОӘБ ұсынған жарияланған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар шығару – 2