Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: Рахимжанова Акгуль Махметханқызы Мекен-жайы: 071400 Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Қашаған көшесі 1, 113 кабинет Жаратылыстану - ғылыми пәндердің оқу кафедрасы 2019 жылдың қыркүйек айында биология кафедрасының химия және география кафедрасымен бірігу негізінде құрылды

Білім

Білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады:  ББ 6В01510 Биология – бакалавриат  ББ 7М01505 Биология – магистратура  ББ 6В01512 География-Тарих – бакалавриат  ББ 7М01506 География – магистратура  ББ 6В01509 Химия-Биология – бакалавриат  ББ 7М01504 Химия – магистратура

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның кадрлық және ғылыми әлеуеті: барлығы 19 оқытушы, ғылыми дәрежесі бар-9, оның ішінде ғылым кандидаттары-7, phd докторы-2. Кафедраның ғылыми өнімі. 2019-2020 жылдар (кафедраның құрылған уақыты) аралығында жарияланды: Оқу-әдістемелік құралдар – 10, көлемі 81 бет. Ғылыми мақалалар саны-70, көлемі 47 бет. Кафедра оқытушылары 26 аймақтық, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысты. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға студенттер мен магистранттар белсенді түрде қатысады. Кафедрада студенттердің төмендегідей ғылыми үйірмелері белсенді жұмыс жасайды: 1.Химиялық қоғам 2. Кіші географиялық қоғам 3. ШҚО флорасы мен фаунасы

Толығырақ

Тәрбие

Жаратылыстану-ғылымдар пәндерінің оқу кафедрасында тәрбие жұмыстарының жоспары патриоттық, отбасылық, рухани-адамгершілік және эстетикалық, құқықтық және саяси мәдениетті тәрбилеу, көшбасшылық қасиеттерді, экологиялық және еңбектік, интелектуалды, салауатты өмір салтын, мәдениет аралық, діни тәрбие бағыттарына сәйкес жүргізіледі. Университет, факультет, кафедра көлемінде өткізілетін іс-шараларға студенттер белсене қатысады.

Толығырақ

Миссиясы

Химия, биология және география білім беру саласында терең теориялық және қажетті практикалық білімді, шеберлікті және дағдыларды меңгерген жоғары кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Дәріс оқу үшін шетелдік ғалымдарды шақыру – 1 ғалым.
  2. Жоғары импакт-факторы бар журналдарға ғылыми мақалалар жариялау – 1 мақала.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған  журналдарға ғылыми мақалалар жариялау – 6 мақала.
  4. Кафедра «Биология», «Химия», «География»  мамандықтарының базалық және профильдік пәндері бойынша  оқу-әдістемелік құралдар шығару –  4.
  5. Біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу – 6 адам.
  6. Спорттық-массалық жұмыспен қамтылған студенттер үлесі – 20 % кем емес.
  7. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, жұмыспен қамтылған мамандар үлесі – 100 %