Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасы

«Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасында Болон үрдісінің қағидаларына, Қазақстандық еңбек нарығының талаптарына сәйкес құрылған 10 білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар, магистранттар, PhD-докторанттарды көп деңгейлі дайындау жүзеге асырылуда. Кафедраның материалдық-техникалық негізі - бұл заманауи құрал- жабдықтармен жабдықталған зертханалар мен арнайы дәрісханалар.

Білім

Қазақстан Республикасының Білім беру Үкіметі, Білім және Ғылым Министрлігі және Жоғарғы оқу орындары бекіткен өзектендірілген сыртқы және ішкі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми бағыттары: - Тамақ өнімдерінің, биологиялық белсенді және дәрілік препараттардың техника және технологияларын, сонымен қатар азық-түліктік қауіпсіздік саласында талдау әдістерін әзірлеу. - Жануар және өсімдік текті шикізаттарды қолдану арқылы функционалдық бағыттағы тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу.

Толығырақ

Тәрбие

«Тамақ өндірістерінің технологиялары және биотехнология» кафедрасында тәрбие жұмысы кафедраның бекітілген стратегиялық даму жоспары және кураторлық топтар тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізіледі. Кафедра студенттері Қазақстанның студенттер альянсы, студенттік дебат клубы, көңілді тапқырлар клубы (КТК) қатарын әрдайым толықтыруда, университет, қала, облыс және Республика деңгейінде өткізілетін жарыстарға және конкурстарға белсенді қатысады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

7M07203 - Тағам қауіпсіздігі

М111 Тамақ өнімдерін өндіру білім беру бағдарламаларының тобы 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.

Каталог элективных дисциплин
Рабочий учебный план
Образовательная программа
План развития ОП

Кіріспе

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің, Инженерлік-технологиялық факультетінің, "Тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнология" кафедрасы 7М07203 "Тамақ қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындайды
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 84 кредитін, соның ішінде 4 кредит педагогикалық практика, 9 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 12 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
7M07 - Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
7M072 - Өндірістік және өңдеу салалары
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0720
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
M111 - Тамақ өнімдерін өндіру
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
7M07203 - Тағам қауіпсіздігі

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
7М07203 «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
Профильді дайындық кезінде - тамақ өндірісінің кәсіпорындарында: цех бастығы, бас инженер, кәсіпорын басшысы, басқару аппаратының маманы, менеджер; жобалау және ғылыми-зерттеу мекемелерінде: зертхана меңгерушісі және жетекші маман; өндіріс саласындағы маман-технолог;
- ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде-ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жоғары оқу орындары мен колледждерде; ғылыми-өндірістік, жобалық, сараптамалық, әкімшілік мекемелер; жергілікті, облыстық және республикалық басқару құрылымдары жанындағы департаменттер, бақылау-аналитикалық қызмет мекемелері, стандарттау және сертификаттау орталықтары және т. б.
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
7
Кәсіби қызмет саласы
Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы тамақ қауіпсіздігін зерттеумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, жобалық, сараптамалық, педагогикалық жұмыстарды қамтиды
Кәсіби қызмет нысаны
Бейіндік бағыт бойынша магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері: тамақ өнеркәсібінің барлық салалары, тамақ өнімдерін сертификаттау бойынша кәсіпорындар, санитарлық қадағалау бойынша кәсіпорындар, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мекемелері, ғылыми - зерттеу ұйымдары, сондай-ақ әртүрлі меншік түріндегі фирмалар, жоғары мекемелер болып табылады.
- тамақ қауіпсіздігі мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді, ақпараттық-іздестіру, әдістемелік міндеттерді жоспарлау және ұйымдастыру;
- бейін бойынша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура түлектерінің кәсіптік қызметінің объектілері ЖОО, колледждер, гимназиялар; ғылыми-зерттеу институттары; санитарлық-эпидемиологиялық, ұйымдастыру-басқару, білім беру мекемелері болып табылады.
Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіндегі пәндер циклін игерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады. Бұл цикл қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі, ол аяқталғаннан кейін оған негізгі дипломға тиісті сертификат беріледі
Кәсіби қызмет түрлері
7М07203 "Тағам қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасының түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
бейіндік дайындық кезінде:
- санитарлық-эпидемиологиялық;
- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық.
ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде:
- санитарлық-эпидемиологиялық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, эксперименттік-зерттеу,
- жоғары оқу орындарында, колледждерде және білім беру жүйесінің басқа да оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
7М07203 "Тағам қауіпсіздігі" мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрлері кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- санитарлық-эпидемиологиялық:
- өндірістік-технологиялық:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:
- эксперименттік-зерттеу:
- білім беру (педагогикалық)

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

Модуль 1. Социолингвистикалық және ғылыми педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.

Модуль 2. Азық-түлік өнімдерінің сапасын бағалау және зерттеу әдістері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Инновациялық әдістерді қолдана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізеді және шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтайды.

Модуль 3. Тамақ шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Қауіпсіздік, азық-түлік өнімдерін фальсификациялау саласындағы проблемалары бар, тауарлық сараптама кезінде тамақ өнімдерін анықтай алады.

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау түрінде жүргізіледі.