Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасы

«Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасында Болон үрдісінің қағидаларына, Қазақстандық еңбек нарығының талаптарына сәйкес құрылған 10 білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар, магистранттар, PhD-докторанттарды көп деңгейлі дайындау жүзеге асырылуда. Кафедраның материалдық-техникалық негізі - бұл заманауи құрал- жабдықтармен жабдықталған зертханалар мен арнайы дәрісханалар.

Білім

Қазақстан Республикасының Білім беру Үкіметі, Білім және Ғылым Министрлігі және Жоғарғы оқу орындары бекіткен өзектендірілген сыртқы және ішкі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми бағыттары: - Тамақ өнімдерінің, биологиялық белсенді және дәрілік препараттардың техника және технологияларын, сонымен қатар азық-түліктік қауіпсіздік саласында талдау әдістерін әзірлеу. - Жануар және өсімдік текті шикізаттарды қолдану арқылы функционалдық бағыттағы тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу.

Толығырақ

Тәрбие

«Тамақ өндірістерінің технологиялары және биотехнология» кафедрасында тәрбие жұмысы кафедраның бекітілген стратегиялық даму жоспары және кураторлық топтар тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізіледі. Кафедра студенттері Қазақстанның студенттер альянсы, студенттік дебат клубы, көңілді тапқырлар клубы (КТК) қатарын әрдайым толықтыруда, университет, қала, облыс және Республика деңгейінде өткізілетін жарыстарға және конкурстарға белсенді қатысады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

7M07201 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (қолдану саласы бойынша)

М111 Тамақ өнімдерін өндіру білім беру бағдарламаларының тобы 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.

Каталог элективных дисциплин
Рабочий учебный план
Образовательная программа
План развития ОП

Кіріспе

Пәннің (курстың) оқу бағдарламасы негізгі білім беру бағдарламасының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір пәннің (курстың) бағдарламасы нақты маманды даярлаудың бірыңғай мақсатты орындауға бағытталған және базалық оқу-әдістемелік құжат болып табылады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың модульдік жүйесін енгізу оқу пәндерінің бағдарламаларын жасауға, олардың құрылымы мен мазмұнына ерекше талаптар қояды. Оқу пәнінің бағдарламасы тиісті сатыны (деңгейін) көрсете отырып, жоғары кәсіптік білімнің әрбір бағыты (мамандығы) үшін әзірленеді.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 84 кредитін, соның ішінде 4 кредит педагогикалық практика, 9 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 12 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
7M07 - Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
7M072 - Өндірістік және өңдеу салалары
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0720
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
M111 - Тамақ өнімдерін өндіру
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
7M07201 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (қолдану саласы бойынша)

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
7М07201 -Азық-түлік өнімдерінің технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
Бастапқы лауазымда болуы мүмкін:
ғылыми-педагогикалық даярлық кезінде-ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жоғары оқу орындары мен колледждерде: зертхана меңгерушісі, жетекші маман, ғылыми қызметкер, оқытушы, өндіріс саласындағы маман-технолог, Тамақ өндірісі кәсіпорындарының басқарушы аппаратының менеджері мен маманы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201 бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
7
Кәсіби қызмет саласы
7М07201«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі ретінде жұмыс істей алады:
ғылыми - педагогикалық дайындық кезінде - ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жоғары оқу орындары мен колледждерде: зертхана меңгерушісі, жетекші маман, ғылыми қызметкер, оқытушы, өндіріс саласында маман-технолог, тамақ өндірісі кәсіпорындарының менеджері және басқару аппаратының маманы.
Кәсіби қызмет нысаны
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері ЖОО, колледждер; гимназиялар; ғылыми-зерттеу институттары; ғылыми-өндірістік, ауылшаруашылық, табиғатты қорғау, жобалау, сараптау, әкімшілік мекемелері; тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары; селекциялық және сортты сынау станциялары, салалық зертханалар, бөлімшелер, секциялар, секторлар, жергілікті, облыстық және республикалық басқару құрылымдары жанындағы департаменттер, бақылау-талдау қызметі мекемелері, стандарттау және сертификаттау орталықтары және т. б. болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері
7М07201«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде: - ғылыми және эксперименталды-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау, тамақ өндірісі кәсіпорындарында ғылыми-ұйымдастыру қызметін атқару; - жоғары оқу орындарында, колледждерде және білім беру жүйесінің басқа да оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру; - әдістемелік, халықтық білім беру бөлімдерінде әдіскер ретінде жұмыс істей отырып.
Бейіндік магистратураны бітірген Магистрант педагогикалық бейіндегі пәндер циклін игерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады. Бұл цикл қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі, ол аяқталғаннан кейін оған негізгі дипломға тиісті сертификат беріледі.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

123

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Модуль 1. Социолингвистикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.

Модуль 2. Азық-түлік өнімдерін өндіру технологиясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Азық-түлік өнімдері саласындағы заманауи прогрессивті техникаларды қолдана отырып, тамақ өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу және жетілдіру кезінде ғылыми және әдіснамалық тәсілдерді пайдалану.

Модуль 3. Микроқұрылымды талдау және тамақ өнімдерінің сапасын бақылау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Тамақ өнімдерінің сапалық сипаттамаларын талдау мақсатында кешенді зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру. Заманауи аппаратуралар мен есептеу кешендерін пайдалана отырып, зертханалық зерттеулерді орындаудың әдістемелік негіздерін қолдану.

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау түрінде жүргізіледі.