Техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасы

Кафедра тарихы 1984 жылдан басталады («Тоңазытқыш және компрессорлық машиналар мен қондырғылар» кафедрасы). 2008 жылы қайта құру және мамандықтардың жаңа классификаторын енгізу нәтижесінде кафедра «Техникалық физика және жылуэнергетика» деп аталды. Кафедра бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.

Білім

Кафедрада «Жылу энергетикасы» (бакалавриат және магистратура) және «Техникалық физика» (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларында іске асырылатын жоғары және төмен потенциалды энергия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау жүргізіледі.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми қызметі жоғары энергия, заттардың қасиеттері және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы зерттеулерге бағытталған. Бұл жұмыстың нәтижесі жақын және алыс шетелдердің рейтингтік журналдарындағы жарияланымдар болып табылады.

Толығырақ

Тәрбие

Кафедрадағы тәрбие жұмысы университеттің жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі және әр оқытушының өз пәні аясында, сондай-ақ оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

7M07101 - Жылуэнергетикасы

М098 Жылу энергетикасы білім беру бағдарламаларының тобы 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде 7М07101- Жылу энергетикасы мамандығы бойынша инженерлік-технологиялық факультетінің «Техникалық физика және Жылу энергетикасы» кафедрасында оқыту жүргізіледі. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында Семей мемлекеттік университетіне және аймаққа тән магистранттарды даярлау ерекшеліктері ескеріледі.
Ғылыми-зерттеу бағытында магистранттарды дайындау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийлері болып білім алушының теориялық білім алуда кем дегенде 84 кредитті, соның ішінде педагогикалық іс-тәжірибеден 6 кредит, зерттеу практикасы 9 кредитті, және де магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысынан кем дегенде 24 кредитті, соның ішінде машықтанудан өту мен магистерлік диссертацияны орындау, магистерік диссертацияны рәсімдеу және қорғауда кем дегенде 12 кредитті игеру қажет табылады.
2 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
7M07 - Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
7M071 - Инженерия және инженерлік іс
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0710
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
M098 - Жылу энергетикасы
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
7M07101 - Жылуэнергетикасы

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
7М07101-Жылу энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
Инженер-конструктор, кіші ғылыми қызметкер, аға лаборант, колледж, ЖОО оқытушысы.
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
7
Кәсіби қызмет саласы
Өнеркәсіп, энергетика саласы, білім, ғылым.
Кәсіби қызмет нысаны
Кәсіпорындар мен энергетикалық және технологиялық профиль фирмалары.
Ғылыми-зерттеу мекемелері.
Жоғары және орта арнайы оқу орындары.
Жоба институттары.
Кәсіби қызмет түрлері
Ғылыми-зерттеулік.
Өндірістік-технологиялық.
Ұйымдастыру-басқарушылық.
Пайдаланымдылық.
Жобалық.
Оқулық (педагогикалық).

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

Модуль 1.Социолингвистикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.

Модуль 2. Ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру және жылуэнергетика нысандарын математикалық үлгілеу

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Жылу энергетикасылық қондырғыларын ғылыми-зерттеу және математикалық үлгілеуді ұйымдастырудың стратегиясы мен құрылымын қалыптастыру.

Модуль 3. Когенерация және желдету жылутехнологиялық қондырғылардың есептеу әдістеру

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Когенерациялық және желдеткіш жылутехнологиялық қондырғыларын есептеудің қажетті әдістерімен жұмыс істеу. Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергияны түрлендіру әдістерін бағалау. Қазіргі заманғы жылу және нанотехнологиялық қондырғылардың схемаларын әзірлеу. Фазалық ауысу жылуфизикасын және материалдар қасиеттерін қарастыру.

Модуль 4. АЭС, инженерлік жүйелерін және құрал-жабдықтарды қауіпсіз қолдану және зерттеу жұмысы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергияны түрлендіру әдістерін бағалау. Заманауи атом энергиясы үшін шығарындылар мен материалдардың қасиеттерін өлшеу әдістерін негіздеу. Жылуэнергетика және криогендік машина жасаудағы инновацияларды дамыту. Жылыту және тоңазыту жүйелерін дамытудың проблемалары мен перспективаларын айқындау.

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау түрінде жүргізіледі.