Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы кафедрасы

"Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" оқу кафедрасы 2022 жылы "Автоматика және ақпараттық технологиялар" мен "Геодезия және құрылыс" кафедраларын біріктіру арқылы құрылды және Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің құрамдық бірлігі болып табылады. Кафедра бағыттары бойынша дайындығы бар түлектер басқару жүйесі, технологиялық жүйелерді автоматтандыру және басқару, ақпараттық технологиялар, геодезия және құрылыс салаларында өз білімдерін қолдануға бірегей мүмкіндік алады. Кафедра студенттерге жоғары сапалы кәсіби білім алуға және автоматтандыру, ақпараттық технологиялар, қалақұрылысы саласында маман болуға мүмкіндік беретін жақсы материалдық-техникалық базаға және білікті ұстаздық құрамға ие.

Білім

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу процесін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, оған ұсынымдарды енгізуге, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған. Дуалды оқыту элементтері енгізіліп, студенттер практикалық және зертханалық сабақтарды өндіріс базаларында өтуге келісімшарттар жасалынды.

Толығырақ

Ғылым

Ғылыми бағыттары: * Заманауи технологиялар негізінде өндірісті автоматтандыру. * Айқын емес ортада шешім қабылдаудың модельдері мен әдістерін әзірлеу * Технологиялық процестерді басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. * Оқу процесіне ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу. * Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу.

Толығырақ

Тәрбие

Кафедра студенттері Қазақстан студенттер альянсында, студенттік дебат клубында, республика, облыс, қала деңгейінде көңілді тапқырлар (КВН) клубында өз қатарларын толықтырады. Студенттер "Жыл көшбасшысы", "Жылдың үздік студенті", "Жылдың үздік дебатері", "Жыл белсендісі" номинациялары бойынша жыл сайынғы байқауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Кафедра студенттері университет өткізетін жарыстар мен басқада конкурстарына белсенді қатысады. Жыл сайын "KAZENERGY" компаниясы шәкіртақысының иегері атанып, салалық бағдарлама бойынша оқу гранттарын ұтып алады. Сонымен қатар түрлі форумдар мен семинарлардың ұйымдастырушылары болып табылады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

7M06101 - Информатика

М094 Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламаларының тобы 7М06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің Автоматика және ақпараттық технологиялар кафедрасында іске асырылатын "7М0601-Информатика" білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру процесін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады. Онда инновациялық ойлау қабілеті бар, болашақ кәсіби қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану саласында озық технологияларды меңгерген магистрлердің білім беру дайындығы мақсаттарының ерекшеліктері, атап айтқанда, ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің кең класымен жұмыс істеу, компьютерлік жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, сондай-ақ сондай-ақ бағдарламаларды, мәліметтер базасын, интернет-сайттарды және т. б. жобалау және құру. Білім беру бағдарламасының мазмұны пәндердің екі циклі: базалық пәндер циклы және бейіндеуші пәндер циклі, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлері (практика, ғылыми-зерттеу жұмысы) көзделген модульдік форматта әзірленген оқу жоспары арқылы іске асырылады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 84 кредитін, соның ішінде 4 кредит педагогикалық практика, 9 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 12 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
7M06 - Информационно-коммуникационные технологии
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
7M061 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0610
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
M094 - Ақпараттық технологиялар
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
7M06101 - Информатика

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
7М06101 Информатика білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
жоба жетекшісі, бөлім басшысы/бөлім бастығы, акт аудиторы, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ оқытушысы және ғылыми қызметкері
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
7
Кәсіби қызмет саласы
Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет, ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер, компьютерлік жабдықты басқару жөніндегі қызмет, ғылыми-зерттеу және педагогикалық, ақпараттық технологиялар мен компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері
Кәсіби қызмет нысаны
ғылыми-зерттеу орталықтары, жобалау және ғылыми-өндірістік ұйымдар, басқару органдары, білім беру мекемелері, өнеркәсіптік кәсіпорындар және өз қызметінде математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды пайдаланатын әртүрлі меншік нысанындағы басқа да ұйымдар.
Кәсіби қызмет түрлері
ғылыми-зерттеу және ғылыми-іздестіру, жобалау-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, білім беру.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Модуль 1. Социолингвистикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.

Модуль 2. Бағдарламалық қамтамасыз ету жасау технологиялары

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Кәсіби міндеттерді шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау технологиясының әдіснамасын меңгергенін көрсету. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаудың және басқарудың практикалық дағдыларын қолдану.

Модуль 3. Кәсіпорындардағы ақпараттық технологиялар

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Ақпаратты алудың негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын иелену, ақпаратпен жұмыс жасау, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс жасау.

Қорытынды аттестация

Модуль бойынша оқыту нәтижелері