Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасы

«Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасында Болон үрдісінің қағидаларына, Қазақстандық еңбек нарығының талаптарына сәйкес құрылған 10 білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар, магистранттар, PhD-докторанттарды көп деңгейлі дайындау жүзеге асырылуда. Кафедраның материалдық-техникалық негізі - бұл заманауи құрал- жабдықтармен жабдықталған зертханалар мен арнайы дәрісханалар.

Білім

Қазақстан Республикасының Білім беру Үкіметі, Білім және Ғылым Министрлігі және Жоғарғы оқу орындары бекіткен өзектендірілген сыртқы және ішкі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми бағыттары: - Тамақ өнімдерінің, биологиялық белсенді және дәрілік препараттардың техника және технологияларын, сонымен қатар азық-түліктік қауіпсіздік саласында талдау әдістерін әзірлеу. - Жануар және өсімдік текті шикізаттарды қолдану арқылы функционалдық бағыттағы тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу.

Толығырақ

Тәрбие

«Тамақ өндірістерінің технологиялары және биотехнология» кафедрасында тәрбие жұмысы кафедраның бекітілген стратегиялық даму жоспары және кураторлық топтар тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізіледі. Кафедра студенттері Қазақстанның студенттер альянсы, студенттік дебат клубы, көңілді тапқырлар клубы (КТК) қатарын әрдайым толықтыруда, университет, қала, облыс және Республика деңгейінде өткізілетін жарыстарға және конкурстарға белсенді қатысады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

7M05101 - Биология

М080 Биология білім беру бағдарламаларының тобы 7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

7М05101-Биология білім беру бағдарламасы биология саласындағы терең, теориялық және практикалық білімдерін меңгеруге арналған, қазіргі заманғы биологияның жаңа бағыттары туралы идеялары бар және ғылыми, практикалық және педагогикалық салаларда өз құзыреттерін қолдана алатын магистрлерді дайындайды
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 84 кредитін, соның ішінде 4 кредит педагогикалық практика, 9 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 12 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
7M05 - Естественные науки, математика и статистика
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
7M051 - Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0510
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
M080 - Биология
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
7M05101 - Биология

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
7М05101 - Биология Білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
ғылым; табиғат қорығының, ұлттық парктің, хайуанаттар бағының, биологиялық бақтың, биологиялық орталықтың, Семей орманының және т.б. маман; білім беру, басқару..
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
7
Кәсіби қызмет саласы
ғылым; табиғат қорығының, ұлттық парктің, хайуанаттар бағының, биологиялық бақтың, биологиялық орталықтың, Семей орманының және т.б. маман; білім беру, басқару.
Кәсіби қызмет нысаны
ғылыми-зерттеу институттары, сонымен қатар консерваториялар, ұлттық парктер, зоопарктер, биологиялық бақтар, биологиялық орталықтар және т.б .; орта арнайы, мемекеттік жоғары оқу орындарының және мемлекеттік емес профильді.
Кәсіби қызмет түрлері
Ғылыми зерттеу (ғылыми қызметкер, лаборант-зерттеуші және т.б.);
білім беру және ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары;
білім беретін (мемлекеттік және мемлекеттік емес профильді мамандықтардың орта және жоғары оқу орындарында биология мұғалімі);
басқарушы (білім беру бөлімдері, биологиялық орталықтар, қорықтар, ұлттық парктер, зоопарктер, биологиялық бақтар, бағбандық ұйымдар және т.б.).

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

Модуль 1. Социолингвистикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Модуль 2. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Модуль 3. Биологияның қазіргі заманғы мәселелері.

Модуль бойынша оқыту нәтижелері

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 8 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау түрінде жүргізіледі.