Техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасы

Кафедра тарихы 1984 жылдан басталады («Тоңазытқыш және компрессорлық машиналар мен қондырғылар» кафедрасы). 2008 жылы қайта құру және мамандықтардың жаңа классификаторын енгізу нәтижесінде кафедра «Техникалық физика және жылуэнергетика» деп аталды. Кафедра бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.

Білім

Кафедрада «Жылу энергетикасы» (бакалавриат және магистратура) және «Техникалық физика» (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларында іске асырылатын жоғары және төмен потенциалды энергия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау жүргізіледі.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми қызметі жоғары энергия, заттардың қасиеттері және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы зерттеулерге бағытталған. Бұл жұмыстың нәтижесі жақын және алыс шетелдердің рейтингтік журналдарындағы жарияланымдар болып табылады.

Толығырақ

Тәрбие

Кафедрадағы тәрбие жұмысы университеттің жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі және әр оқытушының өз пәні аясында, сондай-ақ оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

8D05302 - Техникалық физик

D090 Физика білім беру бағдарламаларының тобы 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді

Кіріспе

8D05302 Техникалық физика білім беру бағдарламасы бойынша дайындық инженерлік-технологиялық факультеттің «Техникалық физика және Жылуэнергетика» кафедрасында жүзеге асырылады. Философия докторын (PhD) дайындауға арналған білім беруші бағдарлама ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және фундаментальді, біліми, әдістемелік және зерттеуді дайындауды және жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі және ғылыми сферадағы жүйе үшін ғылыми бағытының сәйкестігі бойынша тереңдетілген білімді беру талаптары кіреді. Біліми бағдарламаны іске асыру кезінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің және осы аумақтың сипаттамаларына сай мамандарды дайындау ерекшеліктері ескерілдген – бұл «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар», «Жылуфизика және теоретикалық жылутехникасы», «Медициналық физика оқу бағыттары. Осы білім беру бағдарламасының бірегейлігі-бұл салада мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен және Ядролық медицина орталығымен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырудың осы бағыттары Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде ғана жүзеге асырылады. Диссертациялық жобаларды қорғау аясында болашақ мамандарды дайындау сапасын бағалау ҚР ҰЯО-дағы (Курчатов қ.) кафедра филиалы базасында және Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында аттестаттау комиссиясының көшпелі отырыстарында жүргізіледі.
PhD докторларды даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 45 кредитін, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 123 кредитін, докторлық диссертацияны рәсімдеуге және қорғауға кемінде 12 кредитін игеру болып табылады.
3 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
8D05 - Естественные науки, математика и статистика
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
8D053 - Физикалық және химиялық ғылымдар
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0530
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
D090 - D090 Физика
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
8D05302 - Техникалық физик

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
8D05302 «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша PhD
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
Инженер-физик, жоғарғы, І және ІІ категориялы маман, ғылыми қызметкер, жоғарғы оқу орындарында техникалық физика курстарының арнайыландырылған пәндерге оқытушы.
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
8
Кәсіби қызмет саласы
Өнеркәсіп, энергетика саласы, білім, ғылым, медицина.
Кәсіби қызмет нысаны
Энергетикалық және технологиялық бейіндегі кәсіпорындар мен фирмалар.
Ғылыми-зерттеу мекемелері.
Медициналық мекемелері.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындары.
Әкімшіліктер мен министрліктер
Кәсіби қызмет түрлері
Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтері.
Ұйымдастырушылық-бақылау қызметтері.
Білім беруші (педагогикалық) қызмет.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

Модуль 1. Ғылыми және педагогикалық қызметтегі зерттеулер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Зерттеу жұмыстарын жазу мен сабақ өткізу кезінде академиялық және ғылыми -техникалық салаларда жазбаша байланыс мүмкіндіктерін қолданады. Зерттеу нәтижелері мен олардың ауқымын түсіндіреді.

Модуль 2.Техникалық физикадағы құбылыстар мен процестердің физикалық мәні

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Ғылыми шығармашылық пен кәсіби қызметте жылу алмасу құбылыстары мен процестерінің физикалық мәнін түсіндіреді. Жаңа буын ядролық реакторларының дамуына ғылыми көзқарасты қалыптастырады. Заңнама мен ғылыми -зерттеу қызметі шеңберінде радиациялық қауіпсіздік мәселесіне заманауи тәсілдерді негіздейді. Статистикалық физика және қайтымсыз процестердің термодинамикасы сұрақтарына ғылыми көзқарасты қалыптастырады. Зерттеу қызметіндегі материалдардың жылулық физикасының мәселелері бойынша ақпаратты құрылымдайды. Радиациялық қорғау мен ядролық материалдарды бақылау саласындағы ғылыми көзқарасты қалыптастырады. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, физикалық зерттеулерге заманауи тәсілдерді әзірлейді.

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Білім беру бағдарламасы аясында өзекті ғылыми мәселелерді шешу, жаңа ғылыми тұжырымдамалық нәтижелер алу кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді өз бетінше ұйымдастыру мүмкіндігін көрсетеді. Қорытынды аттестаттау докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 12 академиялық кредитті құрайды және диссертациялық жұмыс немесе мақалалар сериясы нысанында өткізіледі.