Гуманитарлық-экономика факультеті

Гуманитарлық-экономика факультеті қазіргі заманғы талаптар мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкес педагогика, экономика және өнер салаларына кадрларды сапалы даярлау бағытында жемісті жұмыс істейді

Білім

12 бакалавр, 10 магистратура және 1 PhD докторантура оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярланады,

Толығырақ

Ғылым

Гуманитарлық-экономика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметі іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, қазіргі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру мақсатында факультетте Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) белсенді жұмыс істейді.

Толығырақ

Тәрбие

Гуманитарлық-экономика факультеті тәрбие жұмысын 11 бағыт бойынша жүзеге асырады: - патриоттық тәрбие, - құқықтық тәрбие, - рухани-адамгершілік тәрбие, - салауатты өмір салтын қалыптастыру, - экологиялық және еңбек, - отбасылық тәрбие, - көпмәдениетті, - зияткерлік тәрбие, - көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, - діни тәрбие, - студенттердің шығармашылық белсенділігін жүзеге асыру.

Толығырақ

Миссиясы

Мемлекеттік тілде ғана емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін, білімдерін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста қолдана алатын, білім берудің барлық деңгейлерінің ережелерін оңай басшылыққа алатын, нормативтік-құқықтық актілерінде оңай бағдарланатын,инновациялық технологияларды қолдана алатын,бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Сапа саласындағы мақсаттар

1. Нөлдік емес импакт-факторы бар ғылыми халықаралық басылымдарда 8 ғылыми мақала және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ұсынған ғылыми журналдарда 16 мақала жариялау;

2. Факультет студенттеріне арналған БББ бойынша  6 электрондық оқудлық, 6 оқулық пен 2 оқу-әдістемелік кешен шығару;

3. 3 ғылыми монография жарыққа шығару;

4. Конференция және хабаршы жинақтарына студенттердің кемінде 20 баяндамалары мен тезистерін жариялау;

5. Шетел ғалымдарын дәріс оқуға шақыру – 1 ғалым;

6. Студенттер мен педагогикалық ұжымның ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасын іске асыру -– 10 студент, 6 оқытушы онлайн, 4 оқушы офлайн.

7. Жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі 85%-дан кем болмауын қамтамасыз ету;

8. Семей қаласының мектептері оқушыларының 3 пәндік олимпиадасын өткізу (Бейнелеу өнері және сызу, Музыка, Экономика)

9. Студенттерді университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын және қоғамдық қызметін жүзеге асыруға тарту – 20 %.

10. 1 білім беру бағдарламасы бойынша аккредитациядан өту (экономикалық бағыт)

11. Ағымдағы оқу жылында MOOC платформаларында жазылған курстар саны 6 курс.

12. Start Up жобаларының саны – 3.