Филология факультеті

Декан: ф.ғ.к, профессор Қадыров Айбар Қабыкенұлы Декан орынбасарлары: 1. Мұсағалиева Камшат Амантайқызы 2. Кенжина Шұғыла Макановна

Білім

Филология факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды: БАКАЛАВРИАТ дайындау деңгейі: бакалавриат 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі 6В02305 - Филология: (қазақ) - Журналистика 6В03201 - Журналистика 6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі 6В01703 - Орыс тілі мен әдебиеті 6В02302 - Аударма ісі МАГИСТРАТУРА дайындау деңгейі: магистрант 7M01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті 7M01702 - Шетел тілі: екі шетел тілі 7M01705 - Орыс тілі мен әдебиеті

Толығырақ

Ғылым

Филология факультеті көп жылдық тарихы қалыптасқан ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар, бұрынғы филология факультетінің дәстүрін жалғастырушы факультет. Ол 1939 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті», кейіннен «Қазақ филологиясы» аталған кафедралар негізінде ашылған. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультеті 2018 жылы қайта құрылды. Әр жылдары декан қызметін п.ғ.д., Т.Қ.Жұмажанова ф.ғ.д., проф. А.С.Еспенбетов, ә.ғ.д., проф. С.М.Борбасов, ф.ғ.к., Ф.З.Жақсыбаевалар атқарды. Қазір факультетте белгілі ғалымдар мен педагогтар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен доценттер, кәсіби деңгейі жоғары мамандар қызмет атқаруда. Оның ішінде 2 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 30-ға тарта ғылым кандидаттары мен доценттер, магистрлер бар.

Толығырақ

Тәрбие

Студенттік өзін-өзі басқару: •Кіші деканат

Толығырақ

Миссиясы

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейте отырып көп тілділікті дамыту

Сапа саласындағы мақсаттар

1.Факультеттің  профессорлық-оқытушылар құрамының  ғылыми дәрежелену  деңгейін көтеру - 2.

2. 1 курсқа (2024 ж.) кемінде 550 білім алушыны қабылдауды қамтамасыз ету.

3. Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамын  гранттық жоба бойынша жұмыс істеуге жұмылдыру - 5

4. Ғылыми мақалаларды  импакт-факторы жоғары алдыңғы қатарлы шетелдік журналдарда жариялау -4

4. Монография шығару - 5

5. Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2-4-ші курс студенттер мен 1-курс магистранттарды тарту  - 5.

6. Білім алушылардың тілдік құзіреттілігін арттыру үшін шетелдік оқытушылар/еріктілер саны - 2

7. Студенттердің үлгерім сапасын 87% - ға дейін арттыру

8. Түлектердің  85 %-ын  жұмысқа орналастыру.