Ветеринария және агроменеджмент факультеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Ветеринария және агроменеджмент факультеті – Қазақстанның солтүстік-шығысындағы ауылшаруашылығы саласындағы жоғары білімді мамандарды дайындайтын жалғыз оқу орны, жарты ғасырдан асқан, сонау Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтынан бастама алған, бүгінгі таңда 70 жылдық тарихы бар факультет. Барлық мамандықтарға және білім беру түрлеріне сәйкестендірілген мемлекеттік лицензиялар бар. Факультеттің барлық мамандықтары еңбектің нарығында қажетті. Осы бағытта аграрлық факультетінің қосар үлесі орасан зор, олай дейтініміз, факультетіміз заманауи жаңа оқыту техникаларымен жабдықталып, оқытудың жаңа озық тәсілідері мен бағдарламаларын іске асыру барысында айтарлықтай дамып келеді. Факультет барлық қажетті материальдық-техникалық базамен, сондай-ақ қазіргі заманға сай зертханалармен, шеберханалармен жабдықталған, үлкен жұмыс тәжірбиесі және кең халықаралық байланыстары бар көпсалалы оқу орны.

Білім

Оқыту бойынша: 4 бакалавриаттың ББ - 6В08101 - Агрономия (В077 – Өсімдік шаруашылығы); 6В08201 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы (В078 – Мал шаруашылығы); 6В08302 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы (В079 — Орман шаруашылығы); 6В08301 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы(В079– Орман шаруашылығы). 2 ББ арнайы жоғары білім – 6В09101-Ветеринарлық медицина(В083 — Ветеринария); 6В09102 – Ветеринарлық санитария (В083 — Ветеринария). 4 магистратураның ББ – 7М091101 –Ветеринариялық медицина (М091 - Ветеринария); 7М091102 – Ветеринариялық санитария (М091 - Ветеринария); 7М08101 – Агрономия (М131 - Өсімдік шаруашылығы); 7М08201-Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы (М132-Мал шаруашылығы); Докторантураның 2 ББ-8D09101-Ветеринарлық медицина (8D091 – Ветеринария); 8D09102 - Ветеринарлық санитария (8D091-Ветеринария).

Толығырақ

Ғылым

Ғылыми бағыттар: 1. ШҚО-да жануарлар мен аралар ауруларының эпизоотологиялық мониторингі. 2. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын ғылыми сүйемелдеу. 3. Негізгі қоректік заттарды қолдану және олардың өнімділікке әсері. 4. Жануарлардың гинекологиялық ауруларын емдеу және алдын-алу. 5. Жануарлардың паразиттік ауруларын емдеу және алдын-алу. 6. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын теңдестірілген тамақтандыру. Селекциялық-асылдандыру жұмысы . 7. Жануарларға арналған ББҚ алу.

Толығырақ

Тәрбие

Тәрбие жұмысының басты мақсаты мынадай негізгі басым бағыттар болып: үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру; болашақ маманның кәсіби және әлеуметтік бейімделуі үшін оңтайлы жағдайлар жасау; білім беру және қоғамдық қызметте студенттердің өзіндік қызметін дамыту және көтермелеу табылады. Факультеттегі тәрбие жұмысы үш деңгейде жүзеге асырылады: университет, факультет және кафедра деңгейінде.

Толығырақ

Миссиясы

Ветеринария және агроменеджмент факультетінің миссиясы - классикалық білім беру құндылықтарын сақтай отырып, іргелі білімі бар және аграрлық ғылым саласында инновацияларды тиімді енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Сапа саласындағы мақсаттар

  1.  Факультеттің білім беру бағдарламаларын институционалдық аккредиттеуден өту арқылы білім беру қызметтерінің сапасын растау.
  2. Студенттердің үлгерім сапасын 93% - ға дейін арттыру.
  3. Академиялық қоғамдастықта рейтингі бар жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ОПҚ мен білім алушылардың өзара ынтымақтастығын кеңейту. Кем дегенде 2 студенттің қатысуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру.
  4.  Scopus немесе Web of Science реферативтік деректер базасында индекстелетін кафедралардың ПОҚ-ның 5 мақаласын жариялау.
  5. ҚР БҒМ, ШҚО АШБ желісі бойынша қаржыландырылатын  гранттық жобаға ПОҚ қатысуын 3 гранттық жобаға дейін жеткізу.
  6.  Факультет мамандықтары бойынша мақсатты PhD докторантура бағдарламасы бойынша факультет ПОҚ дәрежелілігін арттыру: - 8D 08301 "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" - 1 адам; - 8D 08101 "Агрономия" - 1 адам; - 8D09101 "Ветеринарлық медицина" - 1 адам; - 8D09102 "Ветеринарлық санитария" - 1 адам.
  7. Факультет студенттерін факультет ғалымдары жүргізетін ғылыми зерттеулерге тарту. Студенттердің СҒЗЖ-ға қатысуын 32% - ға дейін арттыру.