Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасы

«Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасында Болон үрдісінің қағидаларына, Қазақстандық еңбек нарығының талаптарына сәйкес құрылған 10 білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар, магистранттар, PhD-докторанттарды көп деңгейлі дайындау жүзеге асырылуда. Кафедраның материалдық-техникалық негізі - бұл заманауи құрал- жабдықтармен жабдықталған зертханалар мен арнайы дәрісханалар.

Білім

Қазақстан Республикасының Білім беру Үкіметі, Білім және Ғылым Министрлігі және Жоғарғы оқу орындары бекіткен өзектендірілген сыртқы және ішкі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Толығырақ

Ғылым

Кафедраның ғылыми бағыттары: - Тамақ өнімдерінің, биологиялық белсенді және дәрілік препараттардың техника және технологияларын, сонымен қатар азық-түліктік қауіпсіздік саласында талдау әдістерін әзірлеу. - Жануар және өсімдік текті шикізаттарды қолдану арқылы функционалдық бағыттағы тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу.

Толығырақ

Тәрбие

«Тамақ өндірістерінің технологиялары және биотехнология» кафедрасында тәрбие жұмысы кафедраның бекітілген стратегиялық даму жоспары және кураторлық топтар тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізіледі. Кафедра студенттері Қазақстанның студенттер альянсы, студенттік дебат клубы, көңілді тапқырлар клубы (КТК) қатарын әрдайым толықтыруда, университет, қала, облыс және Республика деңгейінде өткізілетін жарыстарға және конкурстарға белсенді қатысады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

7M07501 - Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)

М130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) білім беру бағдарламаларының тобы 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

«Биотехнология және стандарттау» кафедрасының инженерлік-технологиялық факультетінің «М130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының тобы бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті жүзеге асыратын «7М07501 Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесін білдіреді. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және бітірушінің кәсіби қызметінің бағдарламасы мен бағытының сипаттамасын, оқу нәтижелері мен алған құзыреттерін, білім алушыларды даярлау сапасын қамтамасыз ететін білім беру процесін ұйымдастыруды қамтиды.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 84 кредитін, соның ішінде 4 кредит педагогикалық практика, 9 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 12 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
7M07 - Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
7M075 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0788
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
M130 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
7M07501 - Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
7M07501 - Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
- кіші ғылыми қызметкер
- инженер технолог
- инженер лаборант
- сапа жөніндегі инженер
- стандарттау жөніндегі инженер
- өндірісті дайындау жөніндегі инженер
- өндірістік зертханалардағы лаборант
- ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау ұйымдарындағы лаборанты
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
7
Кәсіби қызмет саласы
Техникалық реттеу және метрология департаментінің аумақтық орталықтары; сертификаттау жөніндегі орталықтар; аккредиттелген сынақ зертханалары; аудитор және консалтингтік фирмалар; коммерциялық ұйымдар; қайта өңдеу өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары мен зертханалары; білім және ғылым
Кәсіби қызмет нысаны
Өнімге (қызметтерге), процестерге (жұмыстарға), кәсіпорындар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) жабдықтарына, сынақтар мен бақылауға, нормативтік құжаттарға, стандарттау, сертификаттау және сапа менеджменті жүйелеріне, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ тікелей қатысы бар басқару органдары, кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік ұйымдары.
Кәсіби қызмет түрлері
Нормативтік құжаттаманы әзірлеу;
Кәсіпорындардағы, сапа менеджменті жүйесінің бөлімдеріндегі сапа бөлімдері мен қызметтеріндегі кәсіби қызмет; патенттік бюролардағы;
Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органдарда; тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдарда; стандарттау жөніндегі ұйымдарда жұмыс; ЖОО және ҒЗИ-дағы жұмыс

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

select id from rup_module_group where curriculum_id= and specializationID=361