Химиялық технология және экология

ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ және ЭКОЛОГИЯ кафедрасы 2019 жылы "Химия және химиялық технологиялар" кафедрасы мен "Экология және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасының бірігуі есебінен құрылған.

Білім

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған

Толығырақ

Ғылым

Халықаралық жобаларға қатысу, Scopus, Web of Science базасына кіретін журналдарға мақалалар жариялау

Толығырақ

Тәрбие

Кафедра студенттері Қазақстан студенттер альянсында өз қатарларын толықтыруда

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

8D05301 - Химия

D089 Химия білім беру бағдарламаларының тобы 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді

Кіріспе

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университет» КЕАҚ жүзеге асыратын білім беру бағдарламасы аумақтық еңбек нарығы қажеттілігін, ҚР БҒМ нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру процесін ұйымдастыру үшін құжаттар жүйесін құрайды.
Білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі PhD докторды дайындау бойынша білім алушыларға білім беру компоненттернің 45-тен кем емес академиялық кредитін меңгеру болып табылады, соның ішінде 20 кредит практикаға, 123 академиялық кредит ғылыми-зерттеу жұмысына және 12 кредит қорытынды аттестациялауға, яғни докторлық диссертацияны рәсімдеу және қорғауға арналады. Базалық пәндер (БП) цикл 25 академиялық кредиттен тұрады, соның ішінде 15 кредит жоғары оқу орны компоненттер және 10 кредит педагогикалық практикадан тұрады. Бейіндеуші пәндер (БП) циклі 20 академиялық кредиттен тұрады, оның 10 академиялық кредиті таңдау бойынша компоненттер пәндеріне және 10 кредит зерттеу практикасына арналады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
8D05 - Естественные науки, математика и статистика
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
8D053 - Физикалық және химиялық ғылымдар
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0530
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
D089 - Химия
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
8D05301 - Химия

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
«8D05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
Жоғарғы оқу орынында химия мұғалімі;
Ғылыми қызметкер;
Инженер-химик;
химик-технолог;
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
8
Кәсіби қызмет саласы
Білім беру бағдарламасының түлегі - философия докторы, химия және жаратылыстану ғылымдарының аралас пәндерінің теориялық және қолданбалы тапсырмаларының жиынтығын қамтитын, ғылым, ғылыми технологиялар және химиялық білім беру салаларында, жаңа материалдар индустриясында, соның ішінде, наноқұрылымды материалдар, энергияның жаңа көздері, синетикалық композиттер мен талшықтар, берілген қасиеттерге ие басқа да материалдар өндірісінде жұмыс істей алады
Кәсіби қызмет нысаны
Кәсіби қызметтің нысандары химиялық, физикалық, физика-химиялық, жылулық процестер, макро-, микро- және наножүйелер және материалдар, өндірістің және ғылыми зерттеудің аппараттары мен автоматтандырылған жүйелері, инновациялық жобалар болып табылады
Кәсіби қызмет түрлері
• химия және аралас ғылымдар саласындағы білім беру (педагогикалық) қызмет;
• химия және аралас ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеушілік қызмет;
• химия және аралас ғылымдар саласындағы өндірістік-технологиялық қызмет;;
• ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
• жобалық қызмет.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

Модуль 1. Химияның ғылыми аспектілері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Химия саласындағы ғылыми-білім берудің міндеттерін шешу қабілетін көрсету, жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың заманауи технологияларын, коммуникативтік технологияларды меңгеру. Зерттеулерде алынған нәтижелерді есеп және ғылыми жарияланымдар түрінде көрсете білу қабілеті.

Модуль 2.Химия ғылымының дамуының заманауи аспектілері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Ғылыми-зерттеу және қолданбалы сала сипатындағы міндеттемелерді шешу үшін химияның басым бағыттары бойынша тереңдетілген білімдерін және біліктіліктерін көрсету. Қазіргі заманғы химия ғылымының соңғы жетістіктерін, стандартты емес тәсілдерді талдау, оларды кәсіби міндеттерді шешу үшін қолдану. Әр түрлі қосымшалар үшін берілген қасиеттері бар жаңа материалдар мен композиттерді әзірлеу мен жасауға ынталы болу.

Қорытынды аттестаттау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері
Қорытынды аттестаттау докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 12 академиялық кредитті құрайды