Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы кафедрасы

"Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" оқу кафедрасы 2022 жылы "Автоматика және ақпараттық технологиялар" мен "Геодезия және құрылыс" кафедраларын біріктіру арқылы құрылды және Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің құрамдық бірлігі болып табылады. Кафедра бағыттары бойынша дайындығы бар түлектер басқару жүйесі, технологиялық жүйелерді автоматтандыру және басқару, ақпараттық технологиялар, геодезия және құрылыс салаларында өз білімдерін қолдануға бірегей мүмкіндік алады. Кафедра студенттерге жоғары сапалы кәсіби білім алуға және автоматтандыру, ақпараттық технологиялар, қалақұрылысы саласында маман болуға мүмкіндік беретін жақсы материалдық-техникалық базаға және білікті ұстаздық құрамға ие.

Білім

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу процесін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, оған ұсынымдарды енгізуге, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған. Дуалды оқыту элементтері енгізіліп, студенттер практикалық және зертханалық сабақтарды өндіріс базаларында өтуге келісімшарттар жасалынды.

Толығырақ

Ғылым

Ғылыми бағыттары: * Заманауи технологиялар негізінде өндірісті автоматтандыру. * Айқын емес ортада шешім қабылдаудың модельдері мен әдістерін әзірлеу * Технологиялық процестерді басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. * Оқу процесіне ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу. * Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу.

Толығырақ

Тәрбие

Кафедра студенттері Қазақстан студенттер альянсында, студенттік дебат клубында, республика, облыс, қала деңгейінде көңілді тапқырлар (КВН) клубында өз қатарларын толықтырады. Студенттер "Жыл көшбасшысы", "Жылдың үздік студенті", "Жылдың үздік дебатері", "Жыл белсендісі" номинациялары бойынша жыл сайынғы байқауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Кафедра студенттері университет өткізетін жарыстар мен басқада конкурстарына белсенді қатысады. Жыл сайын "KAZENERGY" компаниясы шәкіртақысының иегері атанып, салалық бағдарлама бойынша оқу гранттарын ұтып алады. Сонымен қатар түрлі форумдар мен семинарлардың ұйымдастырушылары болып табылады.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

6B06103 - Ақпараттық жүйелер

B057 Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламаларының тобы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

«6B06103 Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасын «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ инженерлік-технологиялық факультетінің "Автоматика және ақпараттық технологиялар"кафедрасы іске асырады. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және бағдарламаның сипаттамасын және бітірушінің кәсіби қызметінің бағыттарын, оқыту нәтижелерін және алған құзыреттерін, білім беру бағдарламасын құрайтын модульдердің сипаттамасын қамтиды. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру бизнес тиімділігін басқару және шешім қабылдауды қолдау негізін құрайды, сондықтан «6B06103 Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының бірегейлігі басқару, экономикалық, математикалық және АТ-бағыттары бойынша бағдарламаның теңгерілуінен тұрады. Бағдарлама пәндерінің мазмұны ақпараттық технологияларды дамытудың ағымдағы кезеңіне бағытталған, бұл ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда ұйымдастырушылық басқару міндеттерін және бизнес-процестерді автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен пайдалануды тиімді ұйымдастыруға қабілетті бағдарлама түлектерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 25 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
6B06 - Информационно-коммуникационные технологии
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
6B061 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
0610
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
B057 - Ақпараттық технологиялар
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
6B06103 - Ақпараттық жүйелер

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
«6B06103 Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
• ПЖ/ҚП әзірлеуші
• ПЖ/ҚП бойынша тестілеу маманы
• Желілік әкімші
• Жүйелік әкімші
• Мобильді қосымшаларды әзірлеуші
• Компьютерлік ойындарды әзірлеуші
• Деректер базасын басқару маманы
• ПЖ / ҚП сүйемелдеу жөніндегі маман
• Техникалық құжаттама маманы
• Контент-менеджер
• Телекоммуникациялық жүйелер мен желілерге қызмет көрсету жөніндегі маман
• Ақпараттық қауіпсіздік маманы
• Бизнес талдаушы
• Үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман
• Сапаны басқару маманы
• БҚ жобалау бойынша маман
• Телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді жобалау және жоспарлау жөніндегі маман
• Акт сату жөніндегі маман
• Маркетинг маманы
• Клиенттермен жұмыс жөніндегі маман
• Акт сату алдындағы мамандарға
• Қауіпсіздік офицері
• Жоба жетекшісі
• Жүйелік талдаушы
• Сәулетші
• Акт аудиторы
Ақпарат, ақпараттандыру, байланыс және телекоммуникация саласындағы салалық комиссия отырысының 2016 жылғы 20 желтоқсанның № 1 хаттамасымен бекітілген)
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
-
Кәсіби қызмет саласы
Салалары өндірісі, ғылым, білім, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару.
Кәсіби қызмет нысаны
Қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттқы жүйелерді құратын, еңгізетін және пайдаланатын әртүрлі кәсіпорындар және ұйымдар табылады.
Кәсіби қызмет түрлері
• жобалы-конструкторлық;
• өндірісті-технологиялық;
• ұйымдастыру-басқарушылық;
• пайдаланушылық.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

select id from rup_module_group where curriculum_id= and specializationID=314