Технологиялық жабдықтар және машина жасау кафедрасы

Инженер-механиктерді даярлау 1964 жылдан бастап жүргізілуде. Алғашқы түлектерді шығару 1968 жылы жүзеге асырылды. Бастапқыда, 1964 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Семей филиалында "Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары"кафедрасы құрылды. Инженер-механик мамандарды шығару осы кафедра бойынша жүзеге асырылды. 2019 жылы қазіргі "Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасы атауын "Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары" және "Машина жасау технологиясы және механика" кафедраларын біріктіру есебінен алды.

Білім

Кафедра білім беру бағдарламасы бойынша: бакалавриат: 6В07105 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар", 6В07106 – "Машина жасау"; 6В11301 - "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру"; 6В11303 - "Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру"; магистратура: 7М07103 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар", 7М07104 – "Машина жасау"; PhD – докторантура: 6D07103 – "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандарды дайындайды.

Толығырақ

Ғылым

Халықаралық жобаларға қатысу, біліктілікті арттыру, Scopus немесе Web of Science базасына кіретін импакт-факторлы журналдарға жариялау, кафедра қызметкерлерінің өнертапқыштық қызметі

Толығырақ

Тәрбие

"Технологиялық жабдықтар және машина жасау" кафедрасында тәрбие жұмысы кураторлық топтардың бекітілген тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Толығырақ

Білім беру бағдарламасы (ББ)

6B11301 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

B095 Көлік қызметтері білім беру бағдарламаларының тобы 6B11 Қызмет көрсету білім беру саласына кіреді.

Кіріспе

«6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің «Автоматика және акпараттық технологиялар» кафедрасымен жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру процесін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және бағдарламаның сипаттамасын және бітірушінің кәсіби қызметінің бағыттарын, оқыту нәтижелерін және алған құзыреттерін, білім беру бағдарламасын құрайтын модульдердің сипаттамасын қамтиды.
«6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасысының қызмет көрсету саласындағы бакалаврды дайындау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі білім алушыларға 242 кредитті, оның ішінде теориялық оқытудың 206 кредитінен кем емес, сонымен қатар практиканың 24 кредитінен кем емес, дипломдық жобаны дайындауға, жазуға және қорғауға 12 кредитден кем емес игеруі болып табылады. Барлығы 242 кредит.
Типтік оқу мерзімі: 4 жыл

Білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бейінінің картасы

Білім беру саласының жіктелуі және коды
6B11 - Услуги
Даярлау бағытының жіктелуі және коды
6B113 - Көлік қызметтері
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
1040
Білім беру бағдарламасы тобының жіктелуі және коды
B095 - Көлік қызметтері
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
6B11301 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік
6В11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
1. маневрлік диспетчер;
2. поезд диспетчері
3. станция бойынша кезекші (жолдар, посттар, дөңестер);
4. депо кезекшісі;
5. поездарды құрастырушы;
6. поездарды құрастырушының көмекшісі;
7. біріктіруші, айырушы (стрелочник);
8. башмак қоюшылар;
9. оператор (ауысым бастығы, станция, дөңес бойынша кезекші));
10. жолдар монтері;
11. өтпе бойынша кезекші
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
6
Кәсіби қызмет саласы
1. Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару;
2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржолмен тасымалдау;
3. Теміржол көлігіндегі бақылау және қауіпсіздік;
4. Теміржол көлігінің жүк жөнелтушілері мен жүк алушыларына Көліктік қызмет көрсету бойынша қызметтер кешенін орындау.
Кәсіби қызмет нысаны
1. Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыруға және көлікті пайдалануға байланысты мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер, әкімдіктер, олардың өңірлік бөлімшелері мен құрылымдары);
2. Тасымалдау бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;
3. Көлік бойынша орта буын мамандарын даярлайтын оқу орындарының қызметкерлері;
4. Көлікті дамыту проблемаларын зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.
Кәсіби қызмет түрлері
«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
1) ұйымдастырушы-технологиялық:
- көліктегі басақару жүйесін жетілдірудегі шараларды жасау;
- Басқару әдістерін жобалау жұмыстарын ұйымдастыру;
- әр түрлі көліктік технологиялық жүктерді жеткізу жүйесін тиімді орындау және ұйымдастыру;
- әр түрлі жағдайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- орындау ұжымының жұмысын ұйымдастыру, әр түрлі пікірлерді есепке ала отырып басқару шешімдерін қабылдау;
- тиімді шешімді анықтауда және әр түрлі жоспарлау талаптарын есепке алудағы ымыралы шешім;
- өнімнің сапалы шығуын қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі шығын түрлерін есепке алу.
средств и систем.
2) өндірістік-басқарушылық:
 тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өндірістік және өндірістік емес шығынды бағалау;
 көліктегі технологиялық жүктерді жеткізу жүйесін жасауда өндірістік емес және өндірістік шығындарды бағалау және олардың жұмысына бақылау жүргізу;
 дайын өнімдегі және материалдық технологиялық үрдіс сапасын бақылау;
 материалды таңдау және тиімді пайдалану, өндірістік үрдісті жүзеге асыру үшін құрылғыларды және басқа жабдықтарды пайдалануы;
 өнім сапасы көрсеткішін өлшеу құрылғыларын метрологиялық тексеру;

3) есептік-жобалық:
- көліктік есепті шешу жобасының мақсатын және критерийлерін құру, мақсатқа жету көрсеткіші, олардың өз арақатынасының құрылымын тұрғызу;
- қозғалысты ұйымдастыру жүйесін, көлік кәсіпорындарының даму жоспарын құру;
- жобаның мәселелері мен мақсатын анықтап, құрылымды тұрғызуда әр түрлі факторлардың арақатынасын ескеріп, есепті шешу барысында приоритетті бағытын анықтау;
- мәселелерді шешу нұсқаларын талдау және өңдеу, жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру, оның салдарын болжау;
- көліктік техниканы және қондырғы материалдарды таңдауда ақпараттық технологияларды пайдалану.

4) сервистік-пайдаланушылық:
- жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды рәсімдеу қызметтерінің технологияларын жасау және іске асыру;
- көлікте жарнамалық-ақпараттық қызметті қамтамасыз ету;
- тасымалдау процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған көліктегі құрылыстар мен техникалық қондырғыларды күту.

Құзыреттерді қалыптастыру бойынша оқу модульдерінің картасы

select id from rup_module_group where curriculum_id= and specializationID=311