Ветеринария кафедрасы

"Ветеринария" кафедрасы ветеринариялық дәрігерлер мен ветеринариялық санитариялық дәрігерлерді даярлау үшін Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттінің Ветеринария және агроменеджмент факультетінің құрамына кіреді. Кафедра пәндерді университеттің 2 факультетінде-Ветеринария және агроменеджмент және инженерлік – технологиялық факультетте оқытады. Кафедра 5В120100-" Ветеринариялық медицина" және 5В120200- " Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша бейіндік болып табылады. Кадрларды даярлауға 15 оқытушы қатысады, 2 ғылым докторы, оның ішінде 2 профессор, 2 доцент, 8 аға оқытушы және 3 оқытушы. Магистратураға қабылдау ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша "Ветеринария ғылымдарының магистрі" академиялық дәрежесі беріліп, "Ветеринариялық санитария магистрі" және "Ветеринариялық медицина магистрі" біліктілігімен жүзеге асырылады» Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша PhD докторантура 6D120100 –" Ветеринариялық медицина" және 6D120200 - " Ветеринариялық санитария" мамандықтары ашылды. Қазіргі таңда 3 докторант білім алуда. Ветеринария және агроменеджмент факультеттің 5В120100 – "Ветеринариялық медицина" және 5В120200 – "Ветеринариялық санитария" мамандықтары үшін сабақтар келесі пәндер бойынша жүргізіледі: Малдәрігерлік латын терминологиясы, Уй жануарларының анатомиясы, ветеринариялық микробиология, Ветеринариялық фармакология, Жалпы зоогигиена, Ветеринариялық гинекология, Сүтті ветеринарлық-санитарлық сараптау, Етті ветеринарлық-санитарлық сараптау, Жалпы терапия, Жалпы эпизоотология, Жануарлардың патологиялық анатомиясы, Санитариялық микробиология, және т. б. Ветеринария және агроменеджмент факультеттің мамандықтары үшін: 5В080300 – "Аңшылықтану және аң шаруашылығы"; 5В080200 – "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы", 5В080100 – "Агрономия", кафедра оқытушылары келесі пәндер бойынша сабақ жүргізеді: "Микробиология"; "Микробиология және вирусология". Аталған пәндер бойынша Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік құжаттамалар әзірленді, оның ішінде кафедраның барлық пәндері бойынша ПОӘК дайындалды. Барлық оқытушылардың базалық жоғары білімі бар (мал дәрігері).

Білім

"Ветеринария" білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау Семей қаласының Шәкәрім атындағы унивеситет КеАҚ, Ветеринария және агроменеджмент факультеті, "Ветеринария" кафедрасында жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін, сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің ұсыныстарын ескере отырып әзірленді, өңірдің ветеринариялық салауаттылығын және мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған Білім беру бағдарламасында студентке бағдарланған оқыту, қол жетімділік пен сапалы білім беруді қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру, тұрақты кәсіби құзыреттілікке, мәдениетке, интеллигенцияға, әлеуметтік белсенділікке, азамат-патриот қасиеттеріне ие болашақ маманның жеке басын жан-жақты дамыту үшін жағдай жасау көзделген. Білім беру бағдарламасының ерекшелігі түлектің кәсіби ұтқырлыққа дайындығын қалыптастыру, өмір бойы үздіксіз кәсіби және адамгершілік жетілдіру және өсу болып табылады.

Толығырақ

Ғылым

1. ШҚО-да жануарлар мен аралар ауруларының эпизоотологиялық мониторингі 2. Жануарлардың гинекологиялық ауруларын емдеу және алдын алу 3. Жануарлардың паразиттік ауруларын емдеу және алдын-алу

Толығырақ

Тәрбие

Кафедрада тәрбие жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес алты бағыт бойынша жүргізіледі: тәрбие жұмысын ақпараттық-талдау және әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, студенттер тұлғасының әлеуметтік-маңызды қасиеттері мен коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру, жас таланттарды дамыту және қолдау, салауатты өмір салты мен дене тәрбиесін қалыптастыру, ҚР Президентінің жолдауы бойынша түсіндіру іс-шаралары.

Толығырақ

Миссиясы

"Ветеринария" кафедрасының миссиясы білім беру үдерісіне аграрлық технологиялар саласындағы үздік әлемдік жетістіктерді енгізу арқылы заманауи ауыл шаруашылығы өндірісінің қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Сапа саласындағы мақсаттар

1.Білім алушылардың үлгерім сапасын 95% деін өсіру

2.Бітіруші түлектердің мамагдық бойынша жұмысқа орналасуын 95% дейін арттыру

3. Университеттегі ағылшын тіліндегі ветеринариялық кітаптарды 3% жеткізу

4. 2022 жылы студенттердің академиялық ұтқырлығын 5%  жеткізу

5. Элективті пәндер каталогін цифирлық технологиясын ветеринариялық медицина бойынша пәнді енгізу