Гуманитарлық факультет

Гуманитарлық факультет қазіргі заманғы талаптар мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкес педагог кадрларды сапалы даярлау бағытында жемісті жұмыс істейді

Білім

9 бакалавр, 16 магистратура және 1 PhD докторантура оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярланады,

Толығырақ

Ғылым

Гуманитарлық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметі іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, қазіргі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру мақсатында факультетте Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) белсенді жұмыс істейді.

Толығырақ

Тәрбие

Гуманитарлық факультет тәрбие жұмысын 11 бағыт бойынша жүзеге асырады: - патриоттық тәрбие, - құқықтық тәрбие, - рухани-адамгершілік тәрбие, - салауатты өмір салтын қалыптастыру, - экологиялық және еңбек, - отбасылық тәрбие, - көпмәдениетті, - зияткерлік тәрбие, - көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, - діни тәрбие, - студенттердің шығармашылық белсенділігін жүзеге асыру.

Толығырақ

Миссиясы

Мемлекеттік тілде ғана емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін, білімдерін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста қолдана алатын, білім берудің барлық деңгейлерінің ережелерін оңай басшылыққа алатын, нормативтік-құқықтық актілерінде оңай бағдарланатын,инновациялық технологияларды қолдана алатын,бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Факультеттің ПОҚ-ның дәрежелілігін жоғарылату. Әр кафедрадан жылына кемінде 2 адам.
  2. Факультеттің ПОҚ-ның кәсіби шеберлігін тағлымдамалар, біліктілікті жоғарылату курстары арқылы көтеру.
  3. Факультеттің ПОҚ-ның 1 оқытушысының «ЖОО Үздік оқытушы» атағын алу.
  4. Импакт-факторы жоғары шет ел журналдарында әр кафедраның ПОҚ-ының 1 мақаласын жариялау.
  5. Факультеттің магистранттары мен студенттерін ҚР, жақын және алыс шетел оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту – 4 студент, 1 магистрант және 1 PhD докторант.