Филологиялық факультет

Декан: Қадыров Айбар Қабыкенұлы ф.ғ.к, профессор Декан орынбасарлары: 1. Гүлдерайым Сағындыққызы– оқу жұмысы бойынша декан орынбасары 2. Аманжолова Әйгерім Айтмуханбетқызы – тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары

Білім

Қазақ филологиясы факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды: БАКАЛАВРИАТ дайындау деңгейі: бакалавриат 6В01701__ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ білім беру бағдарламасының коды мен атауы 6В01703__ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ білім беру бағдарламалары тобының коды мен жіктелуі 6В02303__ФИЛОЛОГИЯ (ҚАЗАҚ) білім беру бағдарламасының коды мен атауы 6В03201__ЖУРНАЛИСТИКА білім беру бағдарламасының коды мен атауы В042 ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ РЕПОРТЕР ІСІ білім беру бағдарламалары тобының коды мен жіктелуі МАГИСТРАТУРА дайындау деңгейі: магистратура 6М01701__ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ білім беру бағдарламасының коды мен атауы 6М02301__ФИЛОЛОГИЯ (ҚАЗАҚ) білім беру бағдарламасының коды мен атауы

Толығырақ

Ғылым

Қазақ филологиясы факультеті көп жылдық тарихы қалыптасқан ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар, бұрынғы филология факультетінің дәстүрін жалғастырушы факультет. Ол 1939 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті», кейіннен «Қазақ филологиясы» аталған кафедралар негізінде ашылған. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультеті 2016 жылы қайта құрылды. Әр жылдары декан қызметін п.ғ.д., Т.Қ.Жұмажанова ф.ғ.д., проф. А.С.Еспенбетов, ә.ғ.д., проф. С.М.Борбасов, ф.ғ.к., Ф.З.Жақсыбаевалар атқарды. Қазір факультетте белгілі ғалымдар мен педагогтар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен доценттер, кәсіби деңгейі жоғары мамандар қызмет атқаруда. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 30-ға тарта ғылым кандидаттары мен доценттер, магистрлер бар.

Толығырақ

Тәрбие

Студенттік өзін-өзі басқару: •Кіші деканат;

Толығырақ

Миссиясы

Факультеттің миссиясы-кәсіптік біліктілікке ие болумен қатар ұлттық тәрбиені және шығармашылық қызметті іске асыруға қабілеті бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Білім беру ісіне жаңа үлгідегі компьютерлік құралдар, электронды бағдарламалар, мультимедиялық аудио-видео технологиялар, интернет жүйелері қолданылады. Студенттер үшін компьютерлік кластар мен ресурстық орталық ұйымдастырылған және қазіргі талапқа жабдықталған жатақханамен қамтамасыз етілген. Факультет оқытушылары мен студенттері шет тілін меңгерудің деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайын білімдерін жетілдіріп тұрады. Шетелдегі ЖОО-мен әріптестікті дамыту және оқытушылардың профессорлық құрамын шетелдерде бағдарлама алмасуын жүзеге асыру мақсатында Памукале университетімен (Түркия) халықаралық байланыс орнатылған. Алыс және жақын елдерден шетелдік ғалымдар келіп дәріс оқиды. Факультеттің кітап қоры жылда оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толықтырылып тұрады, электронды каталогтармен, электронды оқулықтармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Компьютерлік лаборатория ресурстарында дәріс курстары, аударма сөздіктер, оқу бағдарламалары, қазақ тілінің практикалық курсы бойынша электронды оқу құралдары және т.б. материалдар қолжетімді.

Сапа саласындағы мақсаттар

1.Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелену деңгейін 70% -ға көтеру

2.Ғылыми мақалаларды импакт-факторы мен цитаталау индексі (Хирш, CJR, ринц т.б)  нөлдік емес алдыңғы қатарлы шетелдік журналдарда жариялау-3

3.Студенттердің үлгерімін 95%-ға, үлгерім сапасын 90%-ға жеткізу

4. Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамын 1 гранттық жоба бойынша жұмыс істеуге жұмылдыру

5. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатыстыру деңгейін 67%-ға көтеру

6. Студенттердің академиялық ұтқырлықпен басқа оқу орындарынан білім алуын жандандыру

7. Оқуға түсетін студенттердің санын 150-ге жеткізу

8. Түлектердің 85%-ын жұмысқа орналастыру.