Факультет искусства и спорта

ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ Факультет деканы-Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы, п.ғ.к., доцент Факультет құрамына 2 кафедра кіреді: • Өнер және Музыка (кафедра меңгерушісі, п.ғ.м. Марал Ертісқызы Татиева); • Дене шынықтыру және спорт (кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., Батиля Оралбаевна Ерменова). Факультетте: Төлеген Мұхамеджанов атындағы "вокал" кабинеті (№3 оқу ғимараты, № 1 кабинет) жұмыс істейді. Шеберханалар: • Ағаш өңдеу шеберханасы; • киіз өңдеу шеберханасы; • мүсін шеберханасы; • 5 сурет және кескіндеме кабинеттері; • Интерактивті тақталармен 2 компьютерлік сынып; • өнер тарихы кабинеті; • әдістеме кабинеті, ДПИ бойынша кабинет. №1 спорт кешені: • Ойын залы • Бодибилдинг залы-тренажер залы • Күрес залы • Фитнес залы-жаттығу залы • Теннис фойесі • Стадион (футбол алаңы) • Жүзу бассейні Спорт кешендері: - №1 Спортзал - №2 Спортзал - №3 Спортзал - №4 Спортзал

Білім

6В01401-Дене шынықтыру және спорт; 6В02101-Дизайн; 6В01402-Музыкалық білім; 6В01405 – Бейнелеу өнері, көркем еңбек және графика; 6В01404-Кәсіптік оқыту; 6В01403-Бейнелеу өнері және сызу. 7М01401 -дене шынықтыру және спорт. Білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі (М005 дене шынықтыру педагогтерін даярлау); 7М01404 - Дене шынықтыру және спорт (1 жыл) (М005 дене шынықтыру педагогтарын даярлау); 7М01402 –Музыкалық білім білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі (М006 музыка педагогтарын даярлау); 7М01405 - Музыкалық білім (1 жыл) (М006 музыка мұғалімдерін даярлау); 7М01403 - Бейнелеу өнері және сызу 7М01403 Бейнелеу өнері және сызу білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі (М007 Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтарын даярлау); 7М01406 - Бейнелеу өнері және сызу (1 жыл) (М007 Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтарын даярлау).

Толығырақ

Ғылым

Халықаралық жоғары оқу орындарымен байланысты дамыту және факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының алмасу бағдарламаларына қатысуы үшін Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., РФ); Томск мемлекеттік педагогикалық университетімен (Томск қ., РФ); Омбы педагогикалық мемлекеттік университетімен ынтымақтастық орнатылған (Омск қ., РФ). Халықаралық жоғары оқу орындарымен байланысты дамыту үшін өнер және спорт факультетінде шетелдің жетекші мамандарымен дәрістер оқылды: • П.З.Феттер Омбы педагогикалық мемлекеттік университеті, п.ғ.к. (РФ); • Л.М.Любимова Алтай мемлекеттік университеті ФПИП деканы (Барнаул); • Анаркулов Х.Ф. –профессор, п.г.д., Қырғыз мемлекеттік Туризм және спорт академиясы (Қырғызстан).

Толығырақ

Тәрбие

Факультет мамандықтары 6В01402 «Музыкалық білім», 6B01403-«Бейнелеу өнері және сызу», 6B02101-«Дизайн», 5В012000-«Кәсіптік оқыту», 6B01401-«Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары студенттерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу факультет жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Факультетте студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақ барысында және дәрісханалық жұмыстардан тыс уақыттарда жүзеге асырылады. Жалпы біздің мақсатымыз, сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез-келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұрпақ тәрбиелеу.

Толығырақ

Миссиясы

Мемлекеттік тілде ғана емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін, білімдерін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста қолдана алатын, білім берудің барлық деңгейлерінің ережелерін оңай басшылыққа алатын, нормативтік-құқықтық актілерінде оңай бағдарланатын,инновациялық технологияларды қолдана алатын,бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Сапа саласындағы мақсаттар

  1. Факультеттің білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындау сапасын жақсарту:
  • факультет бойынша оқу үлгерімін 85% - ға дейін арттыру;

-    студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту – 60%;

  • білім алушылардың шығармашылық өсуін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер жасау (жарыстарға, көрмелерге, конкурстарға, фестивальдарға, оқыту курстары мен шеберлік сыныптарына қатысу);
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша – 1 студент.
  1. Факультет ПОҚ біліктілігін және кәсіби даярлығын жүйелі түрде арттыру:
  • ғылыми мақалаларды нөлдік емес импакт - факторы бар шетелдік журналдарда жариялау-1 мақала;
  • факультет ПОҚ оқу-әдістемелік құралдарын дайындау және шығару - 2 құрал;
  • факультет оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарына жіберу - 6.
  1. Білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің кәсіби қауымдастықпен байланысын күшейту:
  • білім беру бағдарламалары түлектерінің кемінде 80% - ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;
  • кәсіби қоғамдастықтар өкілдерімен бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдарын ұйымдастыру – 2 кездесу;
  1. 1 курсқа қабылданған студенттер мен магистранттардың контингентін 2021 – 2022 жылдары 120-ға дейін жеткізу мақсатында қала мен аудандардың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің түлектерімен кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру.
  2. Студенттердің қанағаттану деңгейін арттыру:
  • оқу аудиторияларының материалдық базасын ұлғайту.